Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 22 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» №814 Жарлығына сай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жана редакциясы шығуына байланысты Департаменттің бөлім басшыларына және Орал қалалық және Қаратөбе аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымыдарына семинар жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1 мемлекеттік қызметшіге және 1 жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 2 азаматтарды қабылдау, 5 лекция және семинарлар өткізілді. 74 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.


