Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасы, 150-бабы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 «Төтенше жағдай туралы» Заңының 16-бабының 2-тармағы 2)-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Қазақстанда карантиннің 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылуына байланысты, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) халқы арасында коронавирустық жұқпамен (бұдан әрі - КВЖ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай-ақ БҚО аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның тіркелуі себепті, , ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына (Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі №6-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2020 жылғы 15 сәуірдегі №7-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2020 жылғы 15 сәуірдегі №8-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2020 жылғы 24 сәуірдегі №9-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1.6-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектеу режимі аясында жұмыс істейтін болады.
Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.
Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көліктерге жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғап) ғана рұқсат етіледі.
Жеңіл көлік (такси) кемінде 3 адаммен толығуы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғап) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі қажет.
1.4-тармақтың 10-абзацы алынып тасталсын.
Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр Қаулысының 1-Қосымшасы Осы Қаулының Қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы 2020 жылдың 28 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы
27 сәуірдегі №10-ПГВр қаулысына қосымша
Ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын,
рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі
1) Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:
- ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);
- зертханалық қызметтер;
- үйде медициналық қызметтерді жүзеге асыратын мекемелер;
- ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;
- шұғыл стоматологиялық қызметтерге арналған стоматологиялар;
- емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;
2) Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:
- электр энергетикалық компаниялар;
- сумен жабдықтау;
- газбен жабдықтау компаниялары;
- жылумен жабдықтау;
- электриктер, сантехниктер қызметтері;
- өрт қызметі;
- көшелер мен орынжайларды жинау жөніндегі қызметтер;
- қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;
- дезинфекциялау;
- телекоммуникация (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);
- қоғамдық автокөлік қызметтері, соның ішінде Орал қаласы бойынша ресми тіркелген такси қызметтері;
- әуежайлар;
- теміржол бекеттері;
- пошта, курьерлік және жүк қызметтері;
- әлеуметтік қамсыздандыру
3) өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы:
- тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарлар өндіруді қоса;
- ауыл шаруашылығы;
- химреагенттер;
- дәрілік препараттар;
- медициналық жабдықтар/құралдар;
- фармацевтика, химия өнеркәсібі;
- санитарлық гигиена өнімдері;
- үйге арналған қағаз бұйымдар;
- машина жасау;
- металлургия, дайын металл бұйымдарын өндіру;
- жеңіл өнеркәсіп.
- мұнай-газ өнеркәсібі
4) бөлшек сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:
- азық-түлік дүкендері (сағат 09:00 ден 21:00 ге дейін рұқсат етілген);
- ұйымдастырылған көтерме жеткізілімдерді барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып қоспағанда, 2020 жылғы 18 сәуірден бастап 2020 жылғы 11 мамырға дейін Орал қалалық азық-түлік базарының қызметі тоқтатылсын.
- дәріханалар;
- АЗС, АГЗС;
- жеткізу қызметтерін көрсететін (тек жеткізу үшін) мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар (жеткізу қызметтері жоқ қоғамдық тамақтану объектілері қызметін тоқтатуы тиіс);
- құрылыс (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілейтін құрылыс нысандары тізімдері бойынша).
- ірі құрылыс дүкендері
- Бөлек орналасқан автобөлшектер дүкендері (базарлардың аумағында орналасқан сауда нүктелерін қоспағанда)
5) басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:
- тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
- тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;
- банктік қызметтер (карантин кезеңінде бөлімшелердің кемінде 50% жапсын, жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімдерін банктің сайтында жарияласын, алдын алу шараларын қамтамасыз етумен және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтаумен жұмыс режимін сағат 10.00-ден сағат 16.00-ге дейін шектесін, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктерімен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес қала бойынша қозғалысына рұқсат берсін);
- қонақ үйлер (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін);
Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.
- жатақханалар (тек персоналды және карантиндегі науқастарды казармалық режимге орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);
- қарттар үйлері;
- балаларға арналған үйлер;
- үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;
- жануарларға арналған орынжайлар;
- жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;
- БАҚ.
- Жиһаз өндірісі.
- Құрылыс индустриясы
- ТҚКС, авто жуу, шиномонтаж қызметі
6) аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар
7) ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.