Әдеп жөніндегі уәкілімен 2021 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша аудандарға (Бәйтерек, Тасқала, Жәнібек, Казталов, Бөрлі аудандары) барып, мемлекеттік қызметшілермен кездесулер ұйымдастырылды. 8 мемлекеттік қызметшіге және 4 жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді. Азаматтарды қабылдау, 5 лекция және семинарлар өткізілді. 63 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Теріс материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша шағымдар түскен жоқ.