2021 жылдың 12 айындағы су және ауа бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтер
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары 2021жылы атмосфералық ауаның сапасы бойынша санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізді. Атмосфералық ауаның 34338 сынамасы зерттелді, 117 сынамада (0,3%) ауытқулар анықталды.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары 2021жылы ауыз-судың сапасына микробиологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмыстарына су құбыры суының 2597 сынамасы алынды, оның ішінде 138 сынама (5,3%) гигиеналық нормативтерге сәйкес келген жоқ. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2653 сынама зерттелді, 138 сынамада (5,2%) ауытқулар анықталды.