
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Сариеваның төрағалығымен, Персоналды басқару бөлімінің бас маманы А.Бигалиеваның және бас маман С.Купешеваның қатысуымен Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұжымымен жиын өткізілді.
Жиын барысында, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтауды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және департамент мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзгерістер талқыланып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы түсіндіріп өтті.
Жиын барысында басқарма мамандарын жеке қабылдап қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.