№3 актісі бойынша тағайындалған тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеу жүргізудің негізі: Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 06.01.2026ж. Шу аудандық жұқпалы аурулар ауруханасынан келіп түскен №1 «Қызылша» диагнозының тіркелуі бойынша шұғыл хабарлама (журналда тіркеу нөмірі №1).
- Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ.
- Тергеу жүргізу мерзімдері: 08.01.2026-19.01.2026ж. аралығы.
- Өздеріне қатысты өткізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Шу қалалық емханасы Шу қаласы, Сәтпаев көшесі,155 БСН 000440001993 мекен-жайында орналасқан.
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер: Тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар: Тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Дата публикации
20 января 2026