№2 актісі бойынша тағайындалған тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеу жүргізудің негізі: Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 06.01.2026ж. Шу аудандық жұқпалы аурулар ауруханасынан келіп түскен №1«Қызылша» диагнозының тіркелуі бойынша шұғыл хабарлама (журналда тіркеу нөмірі №1).
  2. Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ.
  4. Тергеу жүргізу мерзімдері: 08.01.2026-19.01.2026ж. аралығы.
  5. Өздеріне қатысты өткізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Шу аудандық орталық емханасы Төле би ауылы, Алтынсарин қиылысы 1А, БСН 990240002295 мекен-жайында орналасқан.
  6. Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер: Тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жоқ.
  7. Қабылданған шаралар: тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жоқ.

           

Дата публикации
20 января 2026