Өнімдерді сатып алу қорытындысының тергеп-тексеру жұмыстары

Жамбыл облысы аумағында өнімді бақылау сатып алу қорытынды нәтижелері «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облысы бойынша  филиалының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамаларына сай минералдық су, шұжық өнімдері таңбалауы бойынша сәйкес емес деп анықталған.

Осы сәйкес еместіктер бойынша Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен өнімдер алынған дүкенде 15-30 желтоқсан аралығында  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында аталған өнімдердің қадағалауын қамтамасыз ету үшін құжаттары ұсынылмады. Анықталған бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 203 бап, 1 бөліміне сай  дүкеннің жеке кәсіпкеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама  толтырылды, айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, бұзушылықтарға жол бермеу туралы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті берілді.

Дата публикации
05 января 2026