Өнімдерді сатып алу қорытындысының тергеп-тексеру жұмыстары

Жамбыл облысы аумағында өнімді бақылау сатып алу қорытынды нәтижелері  «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облысы бойынша филиалының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамаларына сай бояу және лак тауарлары, арнайы киім тауарлары  таңбалауы  бойынша сәйкес емес деп анықталған.

Осы сәйкес еместік бойынша Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен тауарлар алынған дүкенде 12-19 желтоқсан аралығында  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.Таңбалауы бойынша  сәйкес емес деп анықталған  бояу және лак тауарлары, арнайы киім тауарларын сатылымға жібермеу мақсатында дүкеннің жеке кәсіпкеріне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы берілді. Бұзушылықтарға жол бермеу туралы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісі берілді.

Дата публикации
31 декабря 2025