1.Тергеу жүргізудің негізі: Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 03.10.2025ж. Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен келіп түскен №879 «Неотальная инфекция кожных покровов» диагнозының тіркелуі бойынша шұғыл хабарлама (журналда тіркеу нөмірі №879).
2.Тергеу жүргізген бақылау органы Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ.
4.Тергеу жүргізу мерзімдері 06.10.2025-28.10.2025ж. аралығы.
5.Тергеу Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Байзақ аудандық орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына қарасты, бас дәрігері Рысқұлов Ж.О., БСН-040540002724, Сарыкемер ауылы, С.Сейфуллин көшесі, 25 үй, перзентхана бөлімшесінде жүргізілді.
6.Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер: Тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған: Дене қызуын өлшеу термометрлерін (көп рет қолданылатын медициналық құралдардың) өңдеу жүргізуге арналған ерітіндінің мөлшері МБ-ның толық батырылуын қамтамасыз етпеген, бұл ретте ерітіндінің мөлшері бұйымдардың үстінде кемінде бір сантиметр жоғары болуы тиіс. Көп рет қолданылатын МБ-ны дезинфекциялағаннан кейін оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралының қалдықтарынан жуылмаған. ҚР ДСМ 2022 жылғы 29 шілдедегі №ҚР ДСМ-68 бұйрығына қосымша «Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 3 тарауы, 43, 44 тармақтарына қойылатын талаптар бұзылғаны анықталды.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің негізінде 425 баптың 1 тармағымен хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
8.Қабылданған шаралар тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 39 мың 320 теңге сомада айыппұл салынды.