1.Тергеу жүргізудің негізі: Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 03.11.2025ж. Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан келіп түскен №1022 «Қызылша» диагнозының тіркелуі бойынша шұғыл хабарлама (журналда тіркеу нөмірі №1022).
2.Тергеу жүргізген бақылау органы: Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ.
4.Тергеу жүргізу мерзімдері 06.11.2025-25.11.2025ж. аралығы.
5.Тергеу Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы, Сыздықбаев к-сі №3, БИН 020240004121 мекен-жайында орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасында жүргізілді.
6.Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер: Тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған: 2023 жыл 21 қыркүйектегі ҚР ДСМ-нің №150 «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары туралы бұйрығының 6-шы және 14 тармақтары бұзылғаны анықталды.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК негізінде 425-бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
8.Қабылданған шаралар: тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 39 320 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.