Жамбыл облысы аумағында өнімді бақылау сатып алу қорытынды нәтижелері «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облысы бойынша филиалының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамаларына сай ойыншықтар таңбалауы бойынша сәйкес емес деп анықталған.
Осы сәйкес еместіктер бойынша Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен ойыншықтар алынған дүкенде 20-28 қараша аралығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында аталған ойыншықтарға құжаттар ұсынылмады.Таңбалауы бойынша сәйкес емес ойыншықтарды сатылымға жібермеу мақсатында дүкеннің жеке кәсіпкеріне Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы берілді. Бұзушылықтарға жол бермеу туралы тергеп-тексеру нәтижелері туралы актісі берілді.