1.Тергеу жүргізудің негізі: Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 11.11.2025ж. ҚРДСМСЭБКЖО «Ұлтық сараптама орталығынан»келіп түскен №34 «Аскаридоз» диагнозының тіркелуі бойынша шұғыл хабарлама (журналда тіркеу нөмірі №34).
2.Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): жоқ.
4.Тергеу жүргізу мерзімдері 13.11.2025-02.12.2025ж. аралығы.
5.Өздеріне қатысты өткізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар тергеу Тараз қ., Пушкина, 41, БИН 101040016643 мекен-жайында орналасқан «ZHANUYAMedical center».
6.Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер: Тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жоқ.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар лауазымы, заңды немесе жеке тұлға жоқ.
8.Қабылданған шаралар тергеу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жоқ.