Жамбыл облысы аумағында өнімді бақылау сатып алу қорытынды нәтижелерінің «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облысы бойынша филиалының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамаларына сай сүт, балық өнімі таңбалауы бойынша сәйкес емес деп анықталған.
Осы сәйкес еместік бойынша Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарымен өнімдер алынған дүкенде 07-17 қараша аралығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Сәйкес емес деп анықталған өнімдерге тауарға ілеспе құжаттар ұсынылды. Осыған байланысты өнімді жеткізушіге Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы мамандарымен 18-19 қараша аралығында тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында анықталған бұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 203 бап, 1 бөліміне сай өнімді жеткізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, бұзушылықтарға жол бермеу туралы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акті берілді.