Жамбыл облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаментінің Тараз қалалық және
Жамбыл аудандық басқармаларының
қызметінде 2024 жылдың 2 жарты жылдың
қорытындысы бойынша
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
ішкі талдау үшін жұмыс тобының
құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері бойынша Агенттігі төрағасының 2016 жылдың 19 қазанындағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық қауіпіна ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) аумақтық басқармаларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:
- М.А.Мухаметрахимов – Департамент басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;
- Б.К. Пралиев – Департаменттің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;
- Д.А. Абдыкеримова - Департаменттің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы;
- Б.Б. Бекмолдаева – Департаменттің персоналды басқару қызметінің бас маманы;
- Г.Р. Тыныбекова – Департаменттің техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің жетекші маманы.
- басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау;
- басқарманың ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау.
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңға сәйкес жүргізілуіне тексеру жүргізу.
Департамент басшысы Б. Шиналиев
ҚР ДСМ СЭБК
Жамбыл облысының СЭД
басшының 2025 жылғы
"_____" наурыздағы № ______ бұйрығына
1 қосымша
|
|
Атауы |
Мерзімі |
|
1 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізудің басталуын интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау-сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталғанға дейін 10 күн бұрын |
2025 жылғы 11 сәуір |
|
2 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі бұйрықты бекіту – СЖТІТ басталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын |
2025 жылғы 14 сәуір |
|
3 |
СЖТІТ басталуы |
2025 жылғы 21 сәуірден 20 мамыр аралығында |
|
4 |
Интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау басталғанын жариялау-СЖТІТ аяқталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей |
2025 жылғы 8 мамыр |
|
5 |
СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау (хаттама) – СЖТІТ аяқталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей |
2025 жылғы 13 мамыр |
|
6 |
СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою- СЖТІТ аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей |
2025 жылғы 21 мамыр |
|
7 |
СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс – шаралар жоспарын әзірлеу-Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей. |
2025 жылғы 26 мамыр |
|
8 |
Аналитикалық анықтаманы және іс-шаралар жоспарын СЖТІТ субъектісінің интернет-ресурсында орналастыру-іс-шаралар жоспары бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде |
2025 жылғы 28 мамыр |