Могинин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы06.10.2020жылғы № 308-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті төрағасының «Могинин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» 2020 жылдың 06 қазандағы №308- НҚ бұйрығы.
Өндірушісі «Кусум Хелткер Пвт.Лтд», Индия, тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5№022243, ҚР-ДЗ-5№022260, «Могинин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің баспасөз қызметі