Тергеп-тексеру нәтижелері

    Жамбыл облысы  аумағында өнімді бақылау сатып алу қорытындысы бойынша Талас, Меркі , Шу  және Т.Рысқұлов атындағы  аудандарда Ұлттық сараптама орталығының Жамбыл облысы бойынша  филиалының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының қорытындылары  бойынша өндірушісі көрсетілмеген  «Үйрек еті» өнімі  микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес емес деп анықталған.

    Осы бұзушылықтар бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында, осы өнімге сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар, тауарға ілеспе құжаттар ұсынылмағаны анықталды. Бұзушылыққа жол берген жеке кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, сондай-ақ жоғарыда айтылған бұзушылықтарға жол бермеу туралы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт берілді.

Дата публикации
31 декабря 2024