Медициналық бұйымды кері қайтару туралы 12.10.2020 жылғы № 314-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті төрағасының «Медициналық бұйымды кері қайтару туралы» 2020 жылдың 12 қазандағы №314- НҚ бұйрығы.
Өндірушісі Boston Scientific Corporation, АҚШ, тіркеу куәлігінің нөмірі 2018 жылғы 29 тамыздағы ҚР-ДСМ-5№018202, Imager II 5F ангиографикалық катетер медициналық бұйымының сериялары (партиялары) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кері қайтарылсын.
Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің баспасөз қызметі