Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Надуев Ғазиз Дүйсенбекұлы, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабы 7-тармағының 3) және 3) тармақшалары, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларына" сәйкес, Жамбыл облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН
1.1 4-тармақтағы "сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін" деген сөздер алынып тасталсын;
1.2 4-тармақ "қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қалыпты режимінде" деген сөздермен толықтырылсын»;
1.3 4-тармақ "мал базарлары" деген сөздермен толықтырылсын;
1.4 4-тармақ "30 адамға дейін клуб командаларына жаттығуға және спорт түрлері бойынша облыс құрамы командаларына оқу жаттығу жиындарын өткізуге" деген сөздермен толықтырылсын.