|
БҰЙРЫҚ |
|
ПРИКАЗ |
«____» ________________2022 ж./г. №________________________
Тараз қаласы город Тараз
ҚР ДСМ СЭБ Комитетінің
Жамбыл облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті
қызметінде сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
бойынша жұмыс тобын құру туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:
- М.А. Мухаметрахимов – Басшы орынбасары, топ жетекшісі;
-Б.Қ. Пралиев - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
- Н.М. Сейтбек – ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы.
- Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау;
- Департаменттің ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау.
- мемлекеттік қызметтердің заңға сәйкес атқарылуына тексеру жүргізу.