Жамбыл облысында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы ҚАУЛЫ

         

                    «      »  сәуір 2023 жыл                                      №                                  Тараз қаласы

 

      Мен, Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Б.С. Шиналиев, ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша Қазақстан Республикасындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайын (Ақтөбе облысы-4 жағдай, Алмата-2, Атырау-3, Жетісу-6, Қарағанды-3, Павлодар-1, Түркістан-15, Астана қаласы-1, Алматы қаласы-62, Шымкент қаласы-2) ескере отырып,  Жамбыл облысының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне және таралуына, өршуінің туындауына жол бермеу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының, 102-бабы 1-тармағының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1. Жамбыл облысы Тараз қаласы мен аудандардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына Қазақстан Республикасы заңнамаларына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы аясындағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкес:

1) өсу қорытындысымен егілу, жас ерекшелігі бойынша сырқаттанушылықты есепке алуды, талдау және зертханалық зерттеулерді қамтамасыз ету үшін қызылшамен сырқаттанушылыққа апта сайын эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;

2) Жамбыл облысының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (әрі қарай - Департамент) қызылша  ауруы жағдайының тіркелуі туралы кезектен тыс ақпаратты 2 сағат ішінде беруді;

3) қызылшаның әрбір жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді және инфекция ошақтарының шекараларын белгілеу, олардың инфекция көзін, қызылшаға қарсы салынған профилактикалық екпелері туралы мәліметтерді белгілей отырып, қарым-қатынаста  болған адамдарды анықтау мақсатында эпидемиологиялық зерттеп-тексеру;

 4) қызылшаға күдікті науқастардан зерттеуге материалдардың жиналуын және материалдарды әрі қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облысы филиалының вирусологиялық зертханасына жеткізілуін бақылауды;

5) қызылша бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды;

 6) вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасы және иммундаудан бас тарту салдарлары  бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін жүйелі түрде қамтамасыз ету.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына:

1) Қызылша ауруының жағдайларын (күдікті) уақтылы анықтау, тіркеу, есепке алу және шұғыл хабарламаларды жіберу;

2) «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 (әрі  қарай– № ҚР ДСМ-13 бұйрығы) бұйрығының талаптарына сәйкес «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы филиалының  вирусологиялық зертханасына зерттеуге материалдарды жеткізе отырып, қызылшаға (қан сарысуы мен зәр сынамасына) күдікті науқастардан үлгілерді жинауды;

3) шетелдік азаматтарды қоса алғанда ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін қызылшамен ауыратын  науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдарға шұғыл вакцинация жүргізуді;

4) аурудың соңғы жағдайы анықталған сәтінен бастап 21 тәуліктің ішінде байланыста болған адамдарды күнделікті медициналық бақылауды;

5) медицина ұйымдарының, қызметкерлердің науқастарға диагноз қою, қабылдауға, оларды оқшаулауға және медициналық көмек көрсетуге дайындығын;

6) белгісіз себепті бөртпелері бар науқастарға дифференциальды  диагностика жүргізу, оларды диагноздары анықталғанға дейін оқшаулауды қамтамасыз ;

7) жедел медициналық көмек бригадаларын қызылшамен ауырған науқастарға диагностика қою және медициналық көмек көрсету бойынша  дайындау;  

8) вакцинациялаумен төмен қамтылған, халықтың қиын қолжетімді топтары бар және көшіп-қонушылардың, тіркелмеген адамдардың саны жоғары аумақтарға аса назар аудара отырып,  облыс аудандары бойынша 30 жасқа дейінгі адамдардың егілуіне талдау жүргізуді, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында қызылшаға қарсы егілмеген және егілуі туралы деректері жоқ адамдар анықталған кезде ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін оларды бір рет иммундау бойынша шаралар қабылдауды;

9) ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін бұрын қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялауды ұйымдастыруды;

10) вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасы және иммундаудан бас тартулар салдары бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін жүйелі түрде қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы филиалына:

1) қызылша сырқаттанушылығының эпидемиологиялық жағдайының тұрақталғанына дейін қызылшаға  күдікті тұлғалардан алынған материалдарды зерттеу үшін вирусологиялық зертхананың дайындығы мен диагностикалық препараттардың таусылмас қорының болуын;   

2) қызылша мен қызамықтың күдікті жағдайлары  тіркелген кезде № ҚР ДСМ-13 бұйрығына сәйкес үлгілерді өңірлерден Вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі ұлттық референс-зертханасына қайта тестілеуге жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына:

         1) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе өзге де себептер себебінен жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарының жанындағы шағын орталықтарға, басқа да ұйымдарға баруға жіберу топтарда, сыныптарда (түзету үлгісіндегі топтарды қоспағанда) ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып жүзеге асырылады.

        2) жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10%-дан аспайтын болған кезде ғана жүзеге асырылады.

         3) мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90% деңгейінде сақталады.

4) балалар арасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін кемінде 90% жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтуды тұрақты сақтау;

5) қызылша жағдайы тіркелген жағдайда:

- инфекциялық аурулардың кез-келген белгілері бар балалар мен қызметкерлерді жіберіп алмас үшін,   балалар мен қызыметкерлер арасында таңертеңгілік сүзгі (фильтр) жүргізу  (тамақ және тері қабатын, дене температурасының өзгеруін қарау);

-  соңғы науқасты оқшаулаған сәттен 21 күн ішінде қызылша ауруы тіркелген топқа/сыныпқа ауыстыруды, жаңа  келген және уақытша келмеген балаларды қабылдауды тоқтату;

-  топта/сыныпта барынша балаларды сиретіп отырғызуды, жиі-жиі желдетіп отыруды, ылғалды жинауды ұйымдастыру;

- сабаққа/жұмысқа келмей қалу себептерін анықтай отырып, балалар мен қызметкерлердің сабаққа/жұмысқа келуіне күнделікті талдау жүргізу;

- «Қызылшаның алдын-алу» тақырыбында білім алушылар мен олардың ата-аналарымен (жиналыстар, кездесулер, сынып сағаттары) түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Жамбыл облысы Тараз қаласы мен аудандардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты әр айдың 5-ші күніне Департаментке ұсынуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жамбыл облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                        Б. Шиналиев 

Дата публикации
05 апреля 2023