Карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге тексерулер (мониторинг) жүргізу алгоритмі

  1. Жалпы мәселелер

COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19)  таралуының алдын алу, карантин кезеңінде қызметін қайта бастаған кезде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

  1. Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 18 мамырдағы №21-3/05-2417 хаттамасын орындау үшін:

1) осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес дайындық актілерін бере отырып, карантин кезеңінде қызметтің Ережелерінің талаптарын сақтай отырып, объектілердің қызметін қайта бастауға дайындығын бағалауды жүргізу үшін мониторингілеу топтары (бұдан әрі - МТ) құрылады.  Дайындығына бағалау жүргізу үшін аумақтық (аудандық) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басқармаларының мамандарын, сондай-ақ ЖАО мен басқа да мүдделі тараптардың өкілдерін тарту;

2) дайындық актілерін алған объектілердің тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді. Бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметін тоқтата тұруға дейін шаралар қолдану;

 3) қызметін қайта бастау туралы хабарламаларды орналастыру үшін органды (электрондық поштаны) немесе сайтты айқындайды және «Атамекен» ҰКП-ға хабарлайды.

  1. Меншік нысанына қарамастан объектілердің басшылары:

1) әкімдіктер жанындағы Өңірлік жедел штабты (бұдан әрі - ӨЖШ) осы Алгоритге 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберу арқылы карантин кезеңінде қызметті қайта бастауға дайындығы туралы хабардар етуді;

2) дайындығын бағалау және мониторинг жүргізу үшін МТ кедергісіз қолжетімділікті;

3) осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілердің қызметі мен объектілерге қойылатын талаптарды және Қаулыларда жазылған талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Уәкілетті және құқық қорғау органдары, сондай-ақ МТ:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитартялық дәрігерінің қаулыларында (бұдан әрі мәтін бойынша - Қаулы) жазылған талаптардың сақталуына, меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан Қаулылар бұзылған жағдайда әкімшілік шараларды қабылдай отырып, жекелеген объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салудың сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

 

  1. Мониторингілеу топтарының құрамы

МГ құрамына:

- жергілікті атқарушы органдардың мамандары (келісім бойынша));

- жергілікті полиция қызметінің мамандары (келісім бойынша);

- санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары;

- «Атамекен» ҚР ҰКП филиалдарының өкілдері (келісім бойынша) енгізіледі.

Аудиторлық компаниялармен шарттық қатынастардағы объектілердің жұмысқа дайындығын бағалауды санитариялық-эпидемиологиялық аудит саласындағы қызметті жүзеге асыратын Жеке және заңды тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізілген (тізілім ТКҚСҚБК сайтында бар) және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабында белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін санитариялық-эпидемиологиялық аудиторлар жүргізеді.

 

  1. Тексерулер (мониторинг) жүргізу тәртібі

МТ-ы санитариялық-эпидемиологиялық аудиторларды тексеру кестесіне енгізілген объектілерді қоспағанда, объектілердің орналасқан жерін ескере отырып, тексеруге шығудың апта сайынғы кестелері қалыптастырылады.  Кестелерді Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық органының (Департаменттер, Басқармалар) басшысы бекітеді. МТ-ы Қаулылардың бұзылуын анықтау мақсатында және күн сайынғы негізде карантиннің бұзылуына шағымдар бойынша тексерулер жүргізеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық аудиторлар ӨЖШ-ға аудиттегі объектілерді тексеру кестесін (МТ және аудиторлардың тексерулерінің қайталануын болдырмау үшін) ұсынады.

 Эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары және елеусіз объектілер санитариялық-эпидемиологиялық аудиторлардың көрсетілетін қызметтері арқылы тексеруден ерікті түрде өтуі мүмкін.

МТ-ы елдімекен аудандары бойынша бөлінеді және бекітілген кестеге сәйкес тексерулер жүргізеді.

Объектілерді мониторингілеу тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркемей, кейіннен оны Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға ұсына отырып, жоспардан тыс тексеру ретінде жүргізіледі.

МТ-ы және аудиторлық компаниялар объектілерді тексеру кезінде объектіде жүргізіліп жатқан COVID-19 алдын алу шаралары және ӨЖШ-ның бекітілген қаулылары мен шешімдеріне сәйкес санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту жөніндегі іс-шараларды тексереді.

Объектілердің қызметін қайта бастауға дайындығын бағалауды тексеру (мониторингілеу) нәтижелері бойынша осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тексеру актісі немесе осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық аудит қорытындылары бойынша Аудиторлық есеп ресімделеді. Қаулылардың бұзылуын анықтау мақсатында және карантиннің бұзылуына шағымдар бойынша күн сайынғы негізде жүргізілетін тексерулер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына 11-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша рәсімделеді.

Объектілер Қаулылардың талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар бар Аудиторлық есепті алғаннан кейін МТ-ның объектілердің қызметін қайта бастауға дайындығын бағалау бойынша тексерулерден босатылады.

Аудиторлық есеп карантин режимінің барлық кезеңіне, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге жарамды.

Инфекциялық бақылау қызметі (госпитальдық эпидемиолог) бар денсаулық сақтау объектілері осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторды тартпай, объектінің Дайындық актісін дербес жасайды.

Құрылымында ведомстволық қызметі немесе санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі маманы бар шаруашылық жүргізуші субъектілер объектінің Дайындық актісін дербес бере алады.

Объектіде санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуына және Қаулылардың талаптарының сақталуына объектіде санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізген аудитор, объектінің меншік иесі жауапты болады.

Ұсынылған аудиторлық есептердің немесе дербес ұсынылған есептердің негізінде тексерулерден босатылған объектіге тексеру жүргізу үшін төмендегі жағдайлардың бірі:

  • қызметкерлерде COVID-19 оң тестінің тіркелуі;

- объектінің қызметіне байланысты тағамнан немесе басқа да уланудың тіркелуі (қызметкерлерде, клиенттерде және т.б.);

- объектіде жазатайым дағдайдың тіркелуі, төтенше жағдай;

- объектіде карантин режимінің бұзылуына шағым негіз болып табылады.

 

  1. Карантин режимін бұзған адамдарды анықтау, алдын алу және жауапкершілікке тарту бойынша іс-қимыл алгоритмі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар халыққа шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу функциялары берілген.

Берілген өкілеттіктердің шеңберінде 2020 жылғы 10 мамырда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер бірқатар шектеу шараларын енгізді («Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулы).

Аталған талаптарды бұзу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыретінің шегінде заңды талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамын құрайды.

Осылайша, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулыларының талаптарын сақтамаған жағдайда, тұлғалар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Объектілерге карантин талаптарының сақталуы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 6-тармағында эпидемияның  пайда болу немесе таралу қаупі төнген жағдайларда көзделген.

Ағымдағы жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша жалпы ел бойынша 7 мыңға жуық COVID-19 жағдайы тіркелген. Бұл ретте, инфекцияның ауа-тамшы арқылы берілу тетігін ескере отырып, карантин режимін сақтамау инфекциядан таза аумақтарда оның пайда болуына, сондай-ақ сырқаттанушылық тіркелген аумақтарда эпидемияның одан әрі таралуы қаупін төндіреді.

Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды адамдар (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығының 11-қосымшаға сәйкес үлгісі  бойынша) санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісін рәсімдейді. Тексеру тек қана карантин режимін сақтау мәселелері бойынша жүргізіледі.

 

  1. Есеп беру

Объектілердің дайындығын бағалаумен қамтылуын мониторингілеу мақсатында аудиторлар мен ведомстволық қызметі бар объектілердің жауапты адамдары осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес апта сайын жұма күндері сағат 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне n.kozhanova@dsm.gov.kz электрондық поштаға ақпарат ұсынады.

Аумақтық департаменттер сұрау салуға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне ақпарат ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карантин режимі

кезінде қызметін жүзеге асыратын

 объектілерге

тексерулер (мониторинг)

жүргізу алгоритміне

1-қосымша

 

 

2020 жылғы «_____»_________ объектінің дайындық АКТІСІ

 

Біз, құрамында мыналар бар комиссия:

  1. _______________________________________________________________
  2. _______________________________________________________________
  3. ________________________________________________________________
  4. ________________________________________________________________

(Т.А.Ә., және маманның лауазымын көрсету керек)

______________ аумағында карантин кезеңінде ___________________________ ұйымының қызметті жүзеге асыруға  дайындығын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы «___»______№______ қаулысының талаптарына, сондай-ақ:____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________  талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізді.  

 

Анықталды: Объект карантин кезеңінде қызметін қайта бастауға дайын (дайын емес) (қажетінің астын сызыңыз).

Анықталған бұзушылықтар: _________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қолдары:

1.________________

2.________________

3.________________


Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы «____»______ қаулысының COVID-19 профилактикасы бойынша карантин кезеңінде Ұйымдарға арналған қызмет ережелерімен таныстым және орындауға міндеттенемін___________________ (басшының Т. А. Ә. және қолы)

 

Карантин режимі

кезінде қызметін жүзеге асыратын

 объектілерге

тексерулер (мониторинг)

жүргізу алгоритміне

2-қосымша

 

 

                   Ұйымның қызметін қайта бастау туралы хабарлама

______________________________________________________________

(объектінің атауығ мекенжайы, объекті басшысының Т.А.Ә.)

 

 

Осы хабарлама арқылы объект Қаулының және Қызмет ережелеріне сәйкес дайын екендігін растаймын.

Сондай-ақ, COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында ұйымда санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту және қызмет көрсету үшін қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылданғанын растаймын.

Барлық жазылған талаптарды тұрақты негізде сақтауға кепілдік беремін.

Сондай-ақ, дұрыс емес ақпарат ұсынылған және Қаулыда жазылған талаптар сақталмаған жағдайда объектіге (кәсіпкерлік объектісінің атауы) жабуға дейін әкімшілік шаралар қабылданатынын растаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карантин режимі

кезінде қызметін жүзеге асыратын

 объектілерге

тексерулер (мониторинг)

жүргізу алгоритміне

3-қосымша

 

 

COVID-19 бойынша төтенше жағдай кезеңінде және ол тоқтатылғаннан кейін кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне және объектілерге қойылатын талаптар

 

ТЖ тоқтатылғаннан кейін СОVID-19 эпидемиясы жағдайында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты жақсарту бойынша талаптар тізбесін қалыптастыру үшін маңызды өлшемшарт – қоғамдық орындарда, сауда кәсіпорындарында және өзге де бару объектілерінде болу жиілігі және болу тығыздығы.

Мұндай жағдайда бизнес объектілерін бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. Талаптардың ең аз пакеті бар объектілер тобы – алаңы 500 м2 кем сауда (үйдің жанындағы дүкендер, арнайы (бейінді) азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер, шағын маркеттер және басқалар), 30 және одан кем отыратын орындары бар қоғамдық тамақтану орындары, компаниялардың кеңселері, нотариалдық кеңселер, гүл салондары, дәріханалар, ТҚС, дөңгелек жөндеу, автомобиль жуу орындары, қызмет көрсететін объектілер (химиялық тазарту, кір жуу, тігін орны, ұйымдастыру техникасын жөндеу, аяқ киім жөндеу және т.б.), мәдениет объектілері (мұражайлар, галереялар және т. б.), туристік агенттіктер, қонақ үйлер, отельдер, өнеркәсіптік және құрылыс компаниялары.

Осы объектілерде, әдетте, келу тығыздығы өте төмен (бір мезгілде 3-5 адамнан артық емес болуы мүмкін).

Талаптардың ең аз тізбесі бар объектілер тобына арналған талаптар:

1.санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

  1. қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;
  2. қызметкерлердің ұйымға кіруі кезінде және жұмыс күні ішінде (көрсеткіштер бойынша) дене температурасын өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, байланыссыз (бар болған жағдайда) немесе байланыс тәсілімен бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының болуына тексеру, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
  3. кіреберісте келушілердің қолдарын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, телефондарды және басқа да заттарды өңдеуге арналған қызметкерлер мен клиенттерге арналған сулықтар қоры болу;
  4. қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
  5. персоналға арналған тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
  6. жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шарттарын (карталар, телефондағы қосымша) барынша қамтамасыз ету;
  7. алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру (мүмкіндігінше), клиенттер жинақталуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, келуші (клиент) мен қызметкер арасындағы, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы қашықтықты барынша сақтауды, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ету;
  8. есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беткейлерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) ауысымына кемінде 2 рет вирулицидті әсері қаупі бар құралдармен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау;
  9. дезинфекциялық ерітінділерді заттың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда сақтау керек. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялық ерітінділер берілген концентрацияға сәйкес оның дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес дайындалады;
  10. техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізу қажет;
  11. дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсеткіштері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;
  12. жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады;
  13. тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, осы мақсаттар үшін дезинфекциялау құралдарының көмегімен күн сайын жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірумен) үй-жай бөлуді көздеу;
  14. бір рет қолданылатын ыдысты кейіннен жинау және жою арқылы пайдалану;
  15. көп рет қолданылатын ыдысты пайдалану кезінде – ыдыстарды 65 градустан төмен емес температурада арнайы жуу машиналарында не әрбір пайдаланғаннан кейін жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қолмен өңдеу;
  16. іргелес аумақты өңдеу.
  17. қызметкерлерді қызметтік көлікте жеткізген жағдайда жүргізушіні қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бет маскасы және т. б.), оларды міндетті түрде қажетті жиілікпен ауыстыра отырып, жабдықтау, сондай-ақ әрбір рейстің алдында автокөлік салонын кейіннен желдету арқылы дезинфекциялау жүргізу;
  18. отырғызу орындарының санына сәйкес жолаушыларды салонға маскаларда кіргізу.

Талаптардың кеңейтілген тізбесі бар объектілер тобы – алаңы 500 м2 асатын сауда үйлері, супермаркеттер мен дүкендер (жалпы және арнайы), азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, 30-дан астам отыратын орындары бар қоғамдық тамақтану объектілері, ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану объектілері, медициналық-әлеуметтік объектілер, ойын-сауық орталықтары (оның ішінде дискоклубтар, бильярд, боулинг орталықтары және т. б.), цирктер, кинотеатрлар, әуежайлар, вокзалдар, спорт объектілері (оның ішінде бассейндер, фитнес-залдар), моншалар, сауналар; стоматологиялық кабинеттерді қоса алғанда медициналық ұйымдар, балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, орта арнайы және жоғары оқу орындары, сауықтыру лагерлері, демалыс базалары, санаториялық ұйымдар, вахталық кенттер, қоғамдық көлік, спа-салондарды қоса алғанда шаштараздар, сұлулық салондары (келушілердің аздығына қарамастан, бұл объектілерде қызмет көрсету ерекшелігінің өзі жақын (1 метрден кем) және ұзақ (40 минуттан 2 және одан көп сағатқа дейін) байланысты білдіреді, яғни екі профилактикалық шара – әлеуметтік қашықтық және байланысты азайту – орындау мүмкін емес. КВИ ауруымен ауырған келушіні қабылдаған жағдайда шебер бірден жақын байланысқа түседі және келесі клиенттерге қауіп төндіреді, себебі қызмет көрсету барысында олармен жақын байланыста болады).

Осы объектілерде тіпті объектінің ауданына қарамастан келушілердің шоғырлануы, қатысу тығыздығы жоғары, яғни жұқтыру қаупі жоғары.

Талаптардың кеңейтілген тізбесі бар объектілер тобына арналған талаптар:

  1. жұмыс, тамақ ішу кестесін қатаң сақтау; әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін объектіге келушілердің кіруін бақылау (өткізу қабілеті);
  2. ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген қорғаныш құралдарының азаймайтын қорын (арнайы киім, маскалар, респираторлар), дезинфекциялаушы және жуғыш заттар, қолды өңдеуге арналған антисептиктер қамтамасыз ету;
  3. қызметкерлерді қызметтік көлікте жеткізген жағдайда жүргізушіні қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бет маскасы және т. б.), оларды міндетті түрде қажетті жиілікпен ауыстыра отырып, жабдықтау, сондай-ақ әрбір рейстің алдында автокөлік салонын кейіннен желдету арқылы дезинфекциялау жүргізу;
  4. отырғызу орындарының санына сәйкес жолаушыларды салонға маскаларда кіргізу;
  5. санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, қорғау құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялаушы, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау);
  6. қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;
  7. тепловизорларды (мүмкіндігінше), байланыссыз термометрлерді (ресепшн, күзет пункті және т. б. пайдалану арқылы кіруде келушілер мен клиенттердің температурасын өлшеу;
  8. қызметкерлердің ұйымға кіруі кезінде және жұмыс күні ішінде (көрсеткіштер бойынша) дене температурасын өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, байланыссыз (болған жағдайда) немесе жанасу тәсілімен (алдын ала спирттік ерітіндімен өңдеу арқылы) қызметкерлердің дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында қызметкерлерді респирторлық аурулардың симтомдары болуына тексеру, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығарылмайтын адамдарды оқшаулауды және дереу жедел жәрдемді шақыруды қамтамасыз ету;
  9. келушілердің қолын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, телефондарды және басқа да заттарды өңдеуге арналған қызметкерлер мен клиенттерге арналған дезинфекциялық сулықтар қорының болуы;
  10. қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
  11. ауаны үнемі зарарсыздандыру мақсатында жұмыс үй-жайларында бактерицидті шамдарды, ауа рециркуляторларын қолдану (мүмкіндігінше);
  12. жүргізілген/алынған көрсетілген қызметтер (карталар, телефондағы қосымша) үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шарттарын барынша қамтамасыз ету);
  13. алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру (мүмкіндігінше), клиенттер жинай алатын «күту аймағын» болдырмау, келуші (клиент) мен қызметкер арасындағы 2 метрден кем қашықтықты барынша сақтауды, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз ету;
  14. есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беткейлерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) ауысымына кемінде 2 рет вирулицидтік әсері бар құралдармен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау;
  15. дезинфекциялық ерітінділерді заттың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда сақтау керек. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялық ерітінділер берілген концентрацияға сәйкес оның дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес дайындалады;
  16. техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізуі қажет;
  17. дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсеткіштері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;
  18. жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады;
  19. профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі; желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
  20. жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салу, тек арнайы бөлінген бөлмеде - тамақ ішетін бөлмеде тамақ ішу;
  21. тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, осы мақсаттар үшін дезинфекциялау құралдарының көмегімен күн сайын жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірумен) үй-жай бөлуді көздеу;
  22. бір рет қолданылатын ыдысты кейіннен жинау және жою арқылы пайдалану;
  23. көп рет қолданылатын ыдысты пайдалану кезінде – ыдыстарды 65 градустан төмен емес температурада арнайы жуу машиналарында не әрбір пайдаланғаннан кейін жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қолмен өңдеу;
  24. спорт залдары мен фитнес-орталықтар үшін спорттық жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу еселігін арттыру қажет – әрбір 3 сағат сайын;
  25. қонақ үйлердегі тамақтану – нөмірлерге жеткізу;
  26. бір кресло арақашықтығы арқылы отырғызу;
  27. сеанстан кейін дезинфекция жүргізуге арналған үзілістердің ұзақтығы 30 минутқа дейін, сеанстар санын шектеу;
  28. персонал санын шектеу, көрермендер мен келушілерсіз өткізілетін мәдениет және спорт объектілерінің жұмысы, бір мезгілде 50-80 адамнан аспайтын жеке және топтық сабақтар (дайындық) өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карантин режимі

кезінде қызметін жүзеге асыратын

 объектілерге

тексерулер (мониторинг)

жүргізу алгоритміне

4-қосымша

 

нысан

Басшы  ___________________

      ________________________________

      ________________________

_______________________________

 (Т.А.Ә. (бар болса) немесе

аудиттелетін объектінің

толық атауы

(жеке және заңды тұлға),

(ЖСН,БСН)*

Мекенжайы __________________________

 

2020 жылғы «       »              №

санитариялық-эпидемиологиялық аудит қорытындылары бойынша

 

Мен________________________________________________________________

(аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және немесе аудиторлық ұйымның толық атауы)

_____________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан____________________________________________________________________

                               (аудиттелетін субъектінің толық атауы)

санитариялық-эпдемиологиялық аудит жүргіздім.

 

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін негіздеме:______

___________________________________________________________________

(өтініштің күні және №, санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарының көшірмесі)  копия плана

 

Ұсынылған материалдарды қарап:________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Аудит жүргізу кезінде мыналар анықталды: ________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(объектіде санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі: объектінің жұмыс режимі, персоналда COVID-19 жоқ екендігі туралы анықтамалардың болуы, санитайзерлердің болуы және орнатылуы, ЖҚҚ болуы, объектіде дезинфекциялық режимді сақтау, әзірленген алгоритмдерге сәйкес объектінің ерекшелігі бойынша басқа да іс-шараларды қашықтықтан өткізу және орындау)

 

 

 

Аудиттелетін субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен байланысты ықтимал тәуекелдердің сипаты және бағалау:____________________________

____________________________________________________________________

Қортынды:                                                                                     

(бұзушылық анықталған жоқ/бұзушылық анықталды, бұзушылықтың қысқаша сипаттамсы)

 

Аудиторлық ұйымның басшысы

 (аудитор)____________________________________________

(Т.А.Ә.(бар болса), лауазымы)

Мөрі Күні

Аудиторлық есепті алғаны туралы белгі____________________________

Т.А.Ә. (бар болса) және алушының қолы, күні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карантин режимі

кезінде қызметін жүзеге асыратын

 объектілерге

тексерулер (мониторинг)

жүргізу алгоритміне

5-қосымша

___ -_____ кезең аралығында (кезеңді көрсету) қабылданған шаралар

және объектілердің дайындығын бағалаумен қамту бойынша ақпарат

 

 

 

№

Дайындықты бағалау жүргізген аудиторлық ұйымның, субъектінің (объектінің) атауы

 

 

Объектінің атауы және орналасқан мекенжайы

 

 

Объектілердің жұмысына рұқсат етілді

(саны)

 

 

Ескертпе

(объектінің қысқаша сипаттамасы)

 

 

Объектінің дайындығына бағалау жүргізген адамның Т.А.Ә.

 

 

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолы және күні (ақпарат ұсынған жауапты адамның Т.А.Ә. көрсету)

 

 

Карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге тексерулер (мониторинг) жүргізу алгоритмі
Дата публикации
22 мая 2020