21 қазанда, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кезекті отырысына қатыстым.
Отырыс барысында, күн тәртібіндегі Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қатысты жазғы туристік маусымның қорытындылары, туристік аймақтардағы инфрақұрылымды дамыту және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Халық жаппай демалатын орындардың, оның ішінде жағажайлар мен туристік нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
2026 жылғы жазғы туристік маусымның негізгі нәтижелері:
Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды, жаппай инфекциялық аурулар тіркелген жоқ.
Шомылу маусымы кезінде су айдындарынан 96 су сынамасы және 23 топырақ сынамасы алынып, зертханалық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері белгіленген талаптарға сәйкес келді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аясында 141 туристік нысан, оның ішінде 116 демалыс базасы мен 25 жағажай бақылауда болды.
103 нысанның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар.Тиісті құжаттарсыз жұмыс істеген 34 нысанға қатысты профилактикалық бақылау жүргізіліп, 32 ұсыным хат берілді.
Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А.Ш. Қалықова мен бас маман Р.О. Тулесова Өскемен қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ұйымдастырған Өскемен қаласындағы шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау орталықтарының медицина қызметкерлеріне арналған семинарға қатысты.
Семинар Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК базасында өтті.
Семинар барысында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қарастырылды.
2026 жылғы 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша медициналық ұйымдардың басшыларының қатысуымен вакцинация мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында:
* вакцинациямен қамтудың төмен көрсеткіштері;
* иммундау жұмыстарын күшейту және күнделікті мониторинг жүргізу;
* медициналық негізді және негізсіз бас тартуларды бақылау;
* вакцинация туралы деректерді медициналық құжаттамаға және ақпараттық жүйелерге уақытылы енгізу;
* «Вакцинация» және «Даму» ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтердің өзектілігі мен сәйкестігін қамтамасыз ету;
* анықталған мәселелер мен сәйкессіздіктерді жедел түзету мәселелері қаралды.
Медициналық ұйымдардың басшыларына вакцинация бойынша жұмысты күшейтіп, халықты иммундаумен қамту көрсеткіштерін арттыру және анықталған мәселелерді жедел шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.