ШҚО аумағындағы ЖРВИ мен тұмау аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай

ШҚО аумағындағы ЖРВИ мен тұмау аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындары арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық деңгейінің өскенін хабарлайды.

2021-2022 жж. эпидемиялық маусымның басынан бастап (2021 ж. 1 қазаннан 2022 ж. 24 наурызға дейін) 78 153 ЖРВИ, 356 тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі өткен эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары (2020-2021 жж. эпид.маусым – 53 966 жағдай).

ЖРВИ-мен ауырған адамдардың 47,09 %-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

2022 жылдың басынан бері ЖРВИ-дің 27 830 жағдайы тіркелді (2021 жылы – 17 614 жағдай), осылайша жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсіп отыр.

Ағымдағы жылдың басынан бастап (24 наурыздағы мәлімет бойынша) аймақтың 301 тұрғынына «тұмау» диагнозы қойылды. Ең көп жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 158 жағдай.

Облыста А/H3N2 және B тұмауы вирустарының айналымы тіркелген.

ЖРВИ мен тұмаудың ауыр және өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.

Тұмауға қарсы тиімді құрал – ВАКЦИНАЦИЯ. Облыста 2021-2022 жж. эпидемиялық маусымда барлығы 140 213 адам егілді, бұл облыс халқының жалпы санының 10,26%-ын құрайды.