Мемлекеттік қызметшінің жинақы дұрыс бейнесі адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетінен ғана емес, сонымен қатар сыртқы келбетінен, сөйлеуінен, жалпы мінез-құлқынан да қалыптасады.
Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Әйелдерге қалауына қарай, ал ер адамға қол алысқан дұрыс. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады.
Сіздің киіміңіз. Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн.
Тап-таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады
Тиімді қарым-қатынас.Тиімді қарым-қатынас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін-өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Егер келуші қысылып, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз.
Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз. Екіншіден, өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс.
Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін. Белсенді тыңдау.Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу – адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады.
Тиімді тыңдап білудің тәсілдері:
Телефон – сіздің көмекшіңіз. Телефонмен әңгіме – мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. Телефонмен сөйлесе білу де – биік мәдениеттіліктің белгісі. Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететн жалғыз мүмкіндігіңіз – дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді , қуаныш, қайғыңызды білдіреді.
Сәуле Слямгазина
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі