Меню

Страницы

Статья

Тамақтан уланудың алдын алу

Жаз мезгілінде тағамнан улану мен жіті ішек инфекцияларының пайда болу қаупі артады. Ауаның жоғары температурасы тағам өнімдері мен суда ауру тудыратын микроорганизмдердің жылдам көбеюіне ықпал етеді.

Тағамнан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында төмендегі профилактикалық шараларды сақтау ұсынылады:

  1. Тағам өнімдерін тек арнайы белгіленген сауда орындарынан сатып алыңыз.
  2. Жарамдылық мерзімі өткен, қаптамасы бүлінген немесе таңбалануы жоқ тағам өнімдерін сатып алмаңыз.
  3. Тез бұзылатын өнімдердің (сүт өнімдері, ет, балық, салаттар, крем қосылған кондитерлік өнімдер) сақталу жағдайына ерекше назар аударыңыз.
  4. Жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтаңыз:

- тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;

- сабын мен таза суды пайдаланыңыз;

- су болмаған жағдайда антисептикалық құралдарды қолданыңыз.

  1. Тексерілмеген табиғи бұлақтар мен құдықтардың шикі суын ішпеңіз. Тек қауіпсіз ауыз суды — бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз.
  2. Көкөністерді, жемістерді, жидектер мен көкөніс шөптерін қолданар алдында мұқият жуыңыз.
  3. Дайын тағамдарды тоңазытқышсыз, әсіресе ыстық ауа райында, 2 сағаттан артық сақтамаңыз.
  4. Иісі, түсі немесе дәмі өзгерген тағам өнімдерін тұтынбаңыз.
  5. Кездейсоқ адамдардан сатып алынған үй жағдайында дайындалған тағамдарды тұтынудан аулақ болыңыз.
  6. Тағам дайындау кезінде, әсіресе ет және балық тағамдарын әзірлеуде температуралық режимді сақтаңыз.
  7. Айқаспалы ластануды болдырмау үшін шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
  8. Тағам дайындайтын және тамақ ішетін орындарды таза ұстаңыз.
  9. Тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығарып, қақпағы бар қоқыс контейнерлерін пайдаланыңыз.
  10. Тағам сақтау және дайындау орындарында жәндіктер мен кеміргіштердің жиналуына жол бермеңіз
  11. Жаппай демалыс орындарын ұйымдастыру кезінде жеткілікті мөлшерде дәретханалар, қолжуғыштар және қоқыс контейнерлерімен қамтамасыз етіңіз.

Есте сақтаңыз: қарапайым санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтау денсаулықты сақтауға және тағамнан уланудың алдын алуға көмектеседі.

Дата публикации
02 июля 2026
Дата обновления
02 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы