Көктемнің келуімен бірге адамдардың табиғат аясына шығып, таза ауамен дем алып, серуендеп қайтуға құштарлығы арта түседі. Алдымызда демалу, көкке шығу, табиғат аясында серуеңдеу және саяжайда жұмыс істеу маусымы күтіп тұр. Қала сыртына шығып демалудың несі қауіпті дейсіз ғой? Керісінше табиғат аясына шығып, таза ауамен демалу адамның ағзасына өте пайдалы. Өкінішке орай, осы тамаша жыл мезгілінде, кене деген «қансорғыштың олжасы» болу да мүмкін екендігін, естен шығармау керек, өйткені олар адамның денесіне қадалып, қанын сорғанда кене энцефалитінің, иксодтық кене боррелиозының (Лайм боррелиозы), кене риккетсиозының және басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтырады.
Соның ішінде ең қауіптісі кене энцефалиті болып табылады.
Кене энцефалиті - жіті, табиғи ошақтық, кене арқылы таралатын жұқпалы ауру, науқастың орталық жүйке жүйесi зақымдалады, сал ауруына шалдығып, мүгедектікке ұшырайды, асқынған жағдайларда адам өліп те кетіуі мүмкін.
Естеріңізге саламыз: кене энцефалитінің табиғи ошағы Шығыс Қазақстан облысының 9 аумағын қамтиды: олар Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңы.
Кене энцефалиті аурушаңдығының алдын алудағы тиімді шаралардың бірі, ол кене жұқпаларының таратушысы- иксодтық кенелермен күрес болып табылатынын ескертеміз, сондықтан Облыстық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық кене энцефалиті бойынша табиғи ошақтарда орналасқан санаториялық-курорттық мекемелердің, жазғы сауықтыру ұйымдарының, базалар мен демалыс орындарының, сондай-ақ, табиғи ошақтарда жұмыс істейтін ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген Санитариялық ереженің талаптарын орындауды ұсынамыз: