Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін лицензиялау ушін қойылатын талаптар

 Өндірістік және қойма үй-жайлары беті жеңіл тазартуды және зарарсыздандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиісті технологиялық жабдықпен, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталады.

          Өндірістік үй-жайларда еден үшін химиялық заттардың әсеріне төзімді жабын пайдаланылады. Конструкциялардың қабырғалары, төбелері мен беттері үшін ылғалды жинауға жол беретін әрлеу көзделеді.

          Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын өндірумен айналысатын немесе дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың басшылары:

         1) дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын;

         2) өндірістік бақылауды, оның ішінде  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 51-бабына сәйкес зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асыруды;

         3) халыққа, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді.

          Персоналға арналған үй-жай қол жууға арналған раковинамен, ыстық және суық су келтірілген себезгі бөлмесімен, санитариялық тораппен, арнайы және жеке киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады, алғашқы көмек көрсету үшін дәрі қобдишасымен және жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарымен жарақталады.

          Арнайы киімді жуу, дезинфекциялау арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі. Үй жағдайында және жұмыс үй-жайларында арнайы киімді жууға жол берілмейді.

          Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды жоспарланып отырған іс-шаралардың жүргізілуі және қажетті сақтық шаралары туралы хабардар етеді. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.

 

Дата публикации
13 марта 2026
Дата обновления
13 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы