Көктемгі кезеңде қардың еруі мен жауын-шашынның мол болуына байланысты су тасқыны қаупі туындайды. Мұндай жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау аса маңызды. Су тасқыны кезінде аумақтардың су астында қалуы, ауыз су көздерінің ластануы, тұрмыстық қалдықтардың таралуы жұқпалы аурулардың пайда болу қаупін арттырады.
Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан санитариялық-гигиеналық және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі:
- Ауыз судың сапасын бақылау: су көздерінің ластану қаупі жоғары болғандықтан, лабораториялық бақылау жүргізіледі. Тұрғындарға тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану ұсынылады. Су басқан құдықтар мен басқа да су көздері міндетті түрде тазаланып, дезинфекцияланады.
- Санитарлық тазарту және дезинфекция: су басқан аумақтарда үйлер, аулалар, жертөлелер мен басқа да нысандар тазаланып, дезинфекцияланады.
- Тағам қауіпсіздігі: су тиген немесе бүлінген өнімдерді қолдануға болмайды. Азық-түлікті тек қауіпсіз жағдайда сақтау қажет.
- Жеке гигиена: қолды жиі және мұқият жуу, қауіпсіз ауыз су пайдалану, санитариялық талаптарды сақтау маңызды. Балалар мен қарт адамдарға ерекше көңіл бөлінуі керек.
- Мониторинг және профилактика: санитариялық қызмет өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын ұйымдастырады.
- Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары: тұрғындарға санитариялық қауіпсіздік талаптары, таза су пайдалану, тағам өнімдерін сақтау және жеке гигиенаны сақтау жөнінде түсіндіріледі.
Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
- Сабыр сақтау.
- Құжаттар, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және басқа қажетті заттарды тез жинаңыз.
- Балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз — олар бірінші кезекте эвакуацияланады.
- Мүмкіндік болса, су басқан аумақтан дереу шығыңыз.
- Үйден шығар алдында электр және газ жүйесін өшіріп, пештегі отты сөндіріңіз. Терезелер мен есіктерді бекітіңіз; уақыт болса, бірінші қабат терезесі мен есіктерін тақтаймен немесе қалқанмен жабыңыз.
- Құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабаттарда, шатырда, ағаштарда немесе басқа биік жерлерде болып, өзіңізді байқату үшін сигнал беріңіз.
- Құтқару құралдарын (қайық, катер, плот) шамадан тыс толтырмаңыз.
Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін:
- Жеке секторда әжетханалардың шұңқырларын тазалау.
- Әжетхананың деңгейін жер бетінен 35 см жоғарыдан асырмау.
- Су көздеріне жақын жерде киім жуу және машинаны жууға жол бермеу.
- Азық-түлік, жылы киім және дәрі-дәрмектердің қорын жасау.
- Бөтелкедегі су мен ұзақ сақталатын азық-түлікті су жетпейтін биік жерге орналастыру.
- Ішу және тамақ дайындау үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану.
- Су тиген азық-түлікті қолданбау; тағамдарды жақсылап пісіру.
- Жеке бас гигиенасын сақтау, қолды үнемі жуу.
Ауру белгілері байқалса:
- Денсаулығыңыз нашарласа (дене қызуы, құсу, іш өту және т.б.), өз бетіңізше емделмей, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Су қайтқаннан кейінгі іс-шаралар:
- Радионы тыңдап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындаңыз.
- Үйге оралғанда абай болыңыз; қабырғалар мен едендердің беріктігін тексеріңіз.
- Үйдегі немесе айналасындағы тұрып қалған суды дезинфекциялаңыз (ағартқыш немесе хлорлы әк).
- Суды бірден толық шығармаңыз — күн сайын тек үштен бір бөлігін шығарыңыз.
- Үйде тұрып қалған су болса, онда тұрмаңыз.
- Электр сымдарының суға тимегеніне көз жеткізіңіз; қажет болса, электр қуатын өшіріңіз.
- Үйді судан бүлінген заттардан, лай мен кірден тазалаңыз; бүлінген киім, жиһаз және басқа заттарды тастаңыз.
- Барлық жерлерді ылғалды сүлгімен сүртіп, бөлме ауасын жақсы желдету қажет.
Осы қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.
Уважаемые жители области!