Меню

Страницы

Статья

Абай Құнанбайұлы 180 жыл

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Абай Құнанбайұлы

Қазақ халқының маңдайына біткен алыбы, ақылшы-кемеңгері, ақыны Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналып, Абай облысында 10 күн бойында ұйымдастырылып, атқарылған іс-шаралардың шешуші мәрелік тойлануы, Семей – Абай автокөлік жолымен Қарауыл ауылына кіре берісте, оң жақта орналасқан Қарауыл төбесі маңында өтіп жатыр. Қарауыл төбенің бір етегіне Қазақстанның барлық облыстарынан әкелініп, қатар тігілген қазақ үйлерде, әр өңір қазақтарының дамуының тарихи көрмелері орналасса, бір етегінде, үлкен безендірілген сахна қойылып, Абай атамыздың өмір жолын баяндайтын, жүрегіңді елжіретіп, көзіңе жас алдыратын театрландырылған қойылым көрсетіліп жатыр. Ал келесі бетінде облыс аудандары мен облыстың басты басқармалары мен мекемелерінің ағаш үйлері тігіліп, қонақтарға дастархан жасалып, ас беріліп, сый құрмет көрсетіліп жатыр. Ақындар айтысып, ән айтылып, жыр жырланып, бәйгелер додаға түсіп, жігіттер теңге алып, қыз қуып, палуандар күресіп, қыз-келіншектеріміз әсемдік сайысына түсіп жатыр.

Міне бұл 2 күн бойы облыс халқы мен қонақтарына ұсынылып біз бірге тамашалаған мерекелік іс шаралар.
Той аяқтала, келген жолымызға түсіп Семей қаласына қайтып бара жатып, артыма қарағанда, той бітсе де қызығына тоймай әлі тарамай жатқан қалың халықты көрдім, олар маған Абай атаны қиып кеткілері келмей жүргендей болып көрінді, сол кезде атамыздың,

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
деп жазған өлең жолдары есіме түсіп, ішімнен жоқ Абай ата елің үшін, әлем үшін Сіз өлмейтін өшпейтін тұлғасыз деп күбірледім.
Жатқан жеріңіздің топырағы торқа жаныңыз жәннәтта болсын Абай ата! 

Дата публикации
22 августа 2025
Дата обновления
22 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы