Меню

Страницы

Статья

Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау - балаңыздың денсаулығы мен жайлылығына деген қамқорлық!

Жаңа оқу жылының қарсаңында көптеген ата-аналар мектеп сөмкесін сатып алу мәселесіне алаңдаулы.
Сөмке таңдаудың негізгі ережелерін бірге қарастырайық.
Мектеп сөмкесі – бұл жай ғана кітаптар мен дәптерлерді тасымалдауға арналған аксессуар емес.
Бұл – оқушының жайлылығы, денсаулығы мен тіпті көңіл-күйі тікелей байланысты болатын мектеп өмірінің маңызды бір бөлігі.
Әсіресе бастауыш және орта буындағы оқушылар үшін сөмке таңдау – өте маңызды мәселе. Дұрыс таңдалмаған сөмке баланың тез шаршауына, арқа ауруларына және тіпті омыртқа қисықтығына әкелуі мүмкін.
Сол себепті, мектеп сөмкесін таңдау – аса жауапты іс, және ол арнайы талаптар мен ережелерді білуді қажет етеді.
Мектеп сөмкесін таңдаудағы негізгі ұсынымдар өте қарапайым.
Ең алдымен, сөмкенің салмағына назар аудару қажет: бастауыш сынып оқушыларына арналған сөмкелердің салмағы 700 грамнан аспауы керек, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған сөмкелердің салмағы 1000 грамнан аспауы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған сөмкелерде тығыз, пішінін сақтайтын арқасы және кең иықбаулары болуы тиіс. Бұл салмақтың тең бөлінуіне көмектеседі.
Сөмкенің ені баланың иығының енінен аспауы тиіс. Сөмкенің төменгі бөлігі бел сызығынан жоғары болмауы қажет.
Ортопедиялық арқасы бар, анатомиялық пішінді модельдерді таңдаған жөн. Арқасы торлы қабатпен қапталғаны дұрыс — бұл желдетуге көмектеседі. Белдік бауының болуы ұсынылады.
Сөмкенің өлшемі:баланың иығынан биік болмауы,белінен төмен түспеуі керек,бастауыш сынып оқушылары үшін оңтайлы биіктігі 30–36 см.
Сөмке контрастты түстерден, берік әрі жеңіл, ылғал мен ластануға төзімді материалдардан тігілгені дұрыс.
Сөмкенің алдынғы және жоғары бөліктерінде жарық шағылдырғыш элементтері болғаны жөн – бұл қараңғыда баланың қауіпсіздігін арттырады.
Бірнеше бөлік пен қалта – баланың заттарын дұрыс ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Сөмкенің таңбалануында пайдаланушының жасы көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес: 1–3 сынып оқушылары үшін күнделікті оқу жиынтығының салмағы 1,5–2,0 кг аспауы тиіс; 4–5 сыныптар – 2,0–2,5 кг;
6–7 сыныптар – 3,0–3,5 кг; 8–11(12) сыныптар – 4,0–4,5 кг.

Оқулықтармен қоса алғандағы сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы ұсынылады.
Оқушыларға сөмкені екі иыққа тағып жүру ұсынылады – бұл омыртқа қисықтығының алдын алады.
Иықбаулар сөмкені арқаға тығыз қондыруы керек, ұзындығы 60–70 см, ені 3,5–4 см, жұмсақ төсемі болуы тиіс.
Сөмке ішіндегі заттар дұрыс бөлініп, ауырлық біркелкі таралуы керек. Жеңіл пеналдар мен аксессуарларды қолдану ұсынылады.
Сабаққа қажетсіз артық заттарды салмаған жөн.
Ата-аналарға айтарым – мүмкіндігінше сөмкеге үнем жасамаңыздар.
Ортопедиялық арқасы бар, сапалы модель таңдаған дұрыс.
Бала сөмкеге қажетсіз зат салмауын қадағалаңыздар.
Сатып аларда мынаған назар аударыңыздар: жарық шағылдырғыш элементтердің болуы; әр затқа арналған ыңғайлы қалталар; тігістері берік, иықбауларды реттеудің ыңғайлылығы.
Ата-аналарда жиі кездесетін қателіктер: «Өсіп кеткесін де киеді» деп үлкен сөмке сатып алу; салмақ нормаларын ескермеу; сыртқы түріне қарап таңдау; өлшемей сатып алу.
Сөмкені балаңызбен бірге таңдап, міндетті түрде өлшеп көріңіздер. Баланың арқасына жақсы орналасуын, иықбауларының реттелуін тексеріңіздер.
Есіңізде болсын: дұрыс таңдалмаған сөмке баланың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін!
 
 
 
 
 
 
Дата публикации
22 августа 2025
Дата обновления
22 августа 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы