ҚР ДСМ 2021 жылғы 9 шілдедегі №59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттелген мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлерін ұстауға қойылатын талаптар.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында көзделген рұқсат беру құжаттары болған кезде объектіні пайдалануға жол беріледі.
Көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында мектепке дейінгі ұйымдарды (бұдан әрі – МДҰ) орналастыру тек бірінші қабатта тұрғын үй-жайлар болмаған жағдайда рұқсат етіледі.
МДҰ-ның жеке кіреберісі болуы тиіс, тұрғын үй подъезімен біріктірілмейді.
Тұрғындардың санитариялық-гигиеналық жағдайын нашарлатуға жол берілмейді (мысалы, шу, тағам иісі).
Көппәтерлі тұрғын үйлерде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын, балалар толық емес уақыт болатын МДҰ (тамақтандыруды және ұйқыны ұйымдастырмай, төрт сағаттан аспайтын) үшін жеке жер учаскесі көзделмейді.
Ең аз үй-жайлар жиыны бар сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-ның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Қосымша алаңдар бөлу мүмкіндігі болмаған жағдайда мынаған:
1) бір үй-жайда 1 балаға кемiнде 3,0 м2 есебінен ойын және жатын үй-жайларды біріктіруге жол беріледі, бұл ретте жатын аймағында түрлендірілетін (қайырмалы, жылжытылатын, домалатып шығарылатын) кереуеттер орнатылады;
2) киімге және аяқкиімге арналған жеке шкафтармен, орындықтармен жабдықталған ортақ киім шешетін бөлмелерді ұйымдастыруға;
3) буфет-тарату бөлмелерін жабдықтамай топтарда немесе кесте бойынша ортақ асханада тамақтандыруды ұйымдастыруға;
4) топтан тыс асхана ыдыстары мен аспаптарына арналған орталықтандырылған жуу орындарын ұйымдастыруға;
5) дәретханаларда 10 балаға 1 унитаз және 1 раковина орнатуға;
6) балалардыңесептік саны 30-дан аспайтын МДҰ-да бірдәретханабөлуге;
7) дайын өнімдердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда, ас блогындағы үй-жайлар жиынын және технологиялық жабдықтарды қысқартуға жол беріледі:
Тамақты аймақтарды (тарату орны, шикіөнімдерді, дайын өнімдерді өңдеуге арналған, ас үй ыдыстарын жууға арналған) бөлу сақталған жағдайда кемінде 21 м2болатын үй-жай алаңдарында дайындау;
көкөністер мен сусымалы өнімдерді сақтауға арналған аймақтар бөлінген қойма;
персоналға арналған үй-жай (бөлінген орын);
шикіөнімдерді және персоналдың қолын жуу үшін бөлек жуғыштар, ас үй ыдыстарын жуу үшін – пайдаланылатын ыдыстарды толық батыру үшін жеткілікті көлемдегі бір жуғыш орнатылады;
көппәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екіқабаттарында орналастырылатын, балалардың есептік саны 30-дан аспайтын сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-да тамақты аймақтау (тарату орны, шикіөнімдерді, дайын өнімдерді өңдеуге арналған, ас үй ыдыстарын жууға арналған) сақталған жағдайда кемінде 12 м2болатын үй-жай алаңдарында дайындауға жолберіледі. Тамақ өнімдеріне арналған қоймалар болмаған жағдайда сатыпалу біраптада наспайтын уақытқа жүзеге асырылады;
тамақ дайындауға арналған үй-жайдың алаңын 10%-дан асырмай азайтуға;
8) төсек-орынқорын сақтау үшін қойма үй-жайлары немесе шкафтары бар бөлінген орынға;
9) серуендеуді ұйымдастыру үшін үй маңындағы аумақтағы қоршалған ойын алаңын пайдалануға (кесте бойынша серуендеуді ұйымдастыруға жол беріледі);
10) серуендеу алаңында балалар үшін олардың конструкциясының (жинаудың, орнатудың) қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жылдың ыстық уақытында пайдалану үшін құрастырмалы қалқаларды, күркелерді орнатуға жол беріледі.
Көппәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екіқабаттарында орналасқан, балалардың есептік саны 30-дан аспайтын үштопқа дейінгі сыйымдылығы бар МДҰ-да медицина қызметкері үшін жеке жұмыс орнын бөлу.
Жарақтау көрсетілетін медициналық қызметтерге сәйкес жүргізіледі.