Меню

Страницы

Статья

2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу

Қазіргі уақытта әлемде КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсу үрдісі байқалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДСҰ) деректері бойынша әлемде КВИ-ның жаңа жағдайларының 30% - ға (186,9 мың тіркелген жағдай), өлім жағдайларының 26% - ға (2,8 мың жағд.) және SARS-CoV-2 ПТР сынағының апта сайынғы оң нәтижелерінің пайызы 7,4%-дан 13% - ға дейін өсуі байқалады.

SARS-CoV-2 вирусының айналымын бақылауға сәйкес, әлемде Омикрон нұсқасының айналымы жалғасуда.

        Республикада 2024 жылдың 8 айында КВИ-дың 1428 жағд. тіркелген. Ағымдағы жылдың тамызында (138 жағд.) ағымдағы жылғы шілдесімен (46 жағд.) салыстырғанда аурушаңдықтың 3,1 есеге артуы байқалады (92 жағд.). SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымын мониторингтеу шеңберінде ағымдағы жылдың маусым айындағы деректер бойынша елде Омикронның кіші нұсқасының айналымы анықталды.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциямен жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыста КВИ-нің 23 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.

2024 жылдың 7 айында облыста ЖРВИ-нің барлығы 173259 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 26559,45 құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,84 есе жоғары. Тұмаудың зертханалық расталған 228 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда қарқынды көрсеткіш 32,95 құрады бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде тіркелген сырқаттанушылықтан 5,6 есе жоғары.

        Халық арасында ЖРВИ, тұмау және КВИ таралуының алдын алу мақсатында «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 қаулысы шығарылды. 

Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, оның ішінде:

  • 2024 жылдың 15 қыркүйектен кейін тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
    - Медициналық ұйымдарда: кіреберісті "сүзгі" жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
    - ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

ШҚО ДСБ деректері бойынша ЖРВИ мен тұмаудың ағымдағы эпидемиологиялық маусымында Шығыс Қазақстан облысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 75 мың дозасын сатып алу жоспарланған. Тұмауға қарсы екпе науқаны биыл 15 қыркуйекте басталып, қарашаның сонына дейін жалғасады. ЖРВИ және тұмаудың эпидемиялық маусымына дейін тұмауға қарсы екпені тәуекел топтарға жататын облыс тұрғындары (жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, мүгедек балаларға арналған интернат балалары, мектеп- интернат оқушылары, балалар үйінің балалары, қарттар үйінің контингенті,  созылмалы аурулары бар ересектер, 60 жастан жоғары ересектер және эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жататындар) алады. Сонымен қоса екпе алуға ынтасы бар адамдар ақылы немесе жұмыс берушінің есебінен екпе алуға мүмкіндігі бар.

Құрметті облыс тұрғындары!

Тұмау инфекцияларынан қорғанудың тиімді тәсілі – вакцинация. Вакцинация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған алдағы эпидемиялық маусымда күтіліп отырған тұмау вирустарының штамдары бар тұмауға қарсы тиімді вакциналармен жүзеге асырылады. Бұл ауру жұқтырып алу қаупін төмендетеді, ауырып қалған жағдайда оның жеңіл өтуіне және асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға өз септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қарапайым гигиеналық ережелерді орындау қажеттігін, қолды сабындап жууды, вирустық инфекциялардың эпидмауысымы кезінде антисептик қолдану қажеттігін.

    - Адам көп жиналатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу керектігін, қоғамдық көлікке мінгенде, халық көп болатын орындарда маска киюге кеңес береді. Бұл сақтық шаралары ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялық аурулардан қорғайды.

- ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз (жөтел, түшкіру). Егер бұл сөзсіз болса, әр 2-3 сағат сайын ауыстыруды қажет ететін бір реттік медициналық маскаларды қолданыңыз.

- Сіз тұрған үй-жайларды күн сайын ылғалды тазалап, желдетіп отырыңыз. Ауаны ылғалдандырыңыз. Ылғалды ауа-суық тию мен тұмауға қарсы күресте күшті құрал.

- Гипотермиядан аулақ болыңыз және ауа-райына сәйкес киініңіз. - Үйден шыққан кезде мұрын жолдарын алдын-ала тазалап, қорғаныс тосқауылын жасайтын оксолин жақпа майымен майлаңыз.

- Иммунитетті көтеру үшін дәрумендерге бай тағамдарды күнделікті рационға қосу-Қарақат, қырыққабат, цитрус жемістері, қызанақ, көк және құрамында фитонцид бар көкөністер

– пияз, сарымсақ. -Қолыңызды сабынмен немесе антисептикалық гельмен мұқият және жиі жуыңыз, оның құрамында кемінде 60% алкоголь бар. Лас қолдарыңызбен бетіңізді ұстамаңыз.

-Салауатты өмір салтын ұстану, соның ішінде дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану

 

Ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай екенің есімізде сақтайық!

 

 

Дата публикации
12 сентября 2024
Дата обновления
12 сентября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы