Меню

Страницы

Статья

Демалыс орындарында тамақтан уланудың алдын алу

Демалыс орны - бұл біз отбасымызбен, достарымызбен және жақын адамдарымызбен бірге көңілді уақыт өткізетін орын. Алайда, біздің көпшілігіміз денсаулығымызды сақтаудың қарапайым ережелерін ұмытып, оған өте жеңіл қараймыз.
Мерекелер мен демалыс күндерін денсаулығыңызға зиян келтірместен санитариялық ережелердің талаптарын сақтай отырып, пайдалы өткізуге болады.
Тамақтан уланудың келесі себептері:
-бөтелкедегі емес күмәнді суды пайдалану
- тағамды тоңазытқыштан тыс бөлмеде сақтау
-күмәнді сумен жуылған жаңа піскен көкөністер мен жемістерді тұтыну
- шикі ет пен теңіз өнімдерін жеу
Демалу барысында тамақтан улануды болдырмау үшін бірнеше алдын алу шараларын ұсынамыз:
1. Қолыңызды жиі жуып, таза ұстаңыз.
2. Көкөністер мен жемістерді жуғанда, тіпті тістеріңізді тазалағандада күмәнсіз (бөтелкедегі) суды қолданып, краннан су ішпеген жөн.
3. Жаңа піскен аскөк, жемістер мен көкөністерді жақсылап жуу қажет.
4. Сусындарға мұз қоспауға тырысыңыз.
5. Ыстық, мұқият дайындалған тағамға басымдық беріңіз.
6. Шикі тағамды (ет, балық) тұтынудан аулақ болыңыз.
7. Көшедегі тағамдарды, әсіресе еті бар тағамды сатып алмаған дұрыс.
8. Сыртқы түрі күдік тудыратын тағамдарды жеуге болмайды.Сондай-ақ, шомылу кезінде су қоймасынан суды жұтып қоймау маңызды.
Егер улану белгілері пайда болса өздігіңізден емделмей, дереу дәрігерді шақырыңыз.
Дата публикации
09 сентября 2024
Дата обновления
09 сентября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы