Меню

Страницы

Статья

Шомылуға арналған қауіпсіз орындар

Шомылуға арналған қауіпсіз орындар – бұл арнайы жабдықталған орындар, яғни жергілікті атқарушы органмен белгіленген жағажайлар .

Шығыс Қазақстан облысында су объектілерінде бұқаралық демалыс, туризм және спорт үшін орындар облыс әкімдігінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 124 қаулысымен Алтай, Самар аудандары,  Ұлан, Катонқарағай аудандары мен Өскемен қаласының аумағында белгіленді.

Белгісіз жерлерде шомылу арқылы Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз.

Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ашық су қоймаларындағы сулар лептоспироз, вирусты гепатит, ротавирустық инфекциялар, гельминтоз сияқты ауруларды жұқтыруға себепші болатынын ескертеді. Ауру қоздырғыштар суға науқастар және жануарлар арқылы келуі мүмкін.

Сондықтан, су қоймасы суларының сапасын бақылау жүзеге асырылатын халықтың жаппай шомылатын ресми орындарында ғана суға түсу қажет.

Шомылуға арналған су объектілеріндегі судың сапасы судың құрамы мен қасиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар шеңберінде бақыланады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша рекреация орындарындағы су сапасының санитариялық - эпидемиологиялық мониторингі мамыр айынан бастап және одан әрі жазғы сауықтыру маусымы ішінде ай сайын жүргізіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде жаппай демалу, туризм және спорт орындары ретінде пайдаланылатын екінші санаттағы су айдындарынан 98 су сынамасы зерттелді, оның ішінде: микробиологиялық көрсеткіштерге 38 сынама, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 38 сынама, паразитологиялық көрсеткіштерге 22 сынама, зерттеу нәтежелері гигиеналық нормативтерге сай.

 «Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларының» (бұдан әрі – Ережелер)  40,42 –тармақтарына  сәйкес жағажайлар жергілікті атқарушы органмен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдармен жарақтандырылады. Жағажай күн сайын жабылғаннан кейін тазалау ұйымдары жағалауды негізгі тазалауды жүргізуі керек, жиналған қоқыс пен қалдықтар дереу шығарылуы керек.

Осы Ережелердің  9-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға жағажайларда, саябақтарда, скверлерде және жалпы пайдалану орындарында қоқыс тастауға жол берілмейді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Шомылғаннан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау керек, яғни мүмкіндігінше тезірек гигиеналық душ қабылдап, ешқандай жағдайда су қоймаларынан су ішпеу керек.

Шомылу және демалу үшін су айдындарының су сапасын өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілген орындарды ғана таңдаңыз. Сондай-ақ, тоғанға шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге назар аударыңыз!

Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алдағы жазғы маусымда Сіздерге жақсы демалыс тілейді және арнайы белгіленген жерлерде шомылуға кеңес береді!

Дата публикации
18 июня 2024
Дата обновления
18 июня 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы