Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысындағы кене энцефалиті бойынша эпидемиологиялық жағдай

 
2024 жылғы 22 мамыр күнгі жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарында кене шағып медициналық көмекке барлығы 1904 адам жүгінген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 29,2%-ды құрап отыр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл кене шағудан зардап шеккен адамдар саны 502 жағдайға көбейген (2023ж. – 1402 жағдай), бұл көктемнің ерте түсіп, күннің жылы болуына байланысты.
Аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 95 % адам алды, қалғандары 5 % (102 – адам) түрлі себептермен, яғни медициналық көмекке кеш жүгіну, жеке бас тарту, екпе егілгендіктен және эндемиялық аумаққа жатпайтын елді-мекенде кене шағуына байланысты серопрофилактикамен қамтылмаған.
Ағымдағы кезеңде облыс аумағында Өскемен қаласының аумағында кене вирустық энцефалитінің 1 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.
Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде бар.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың барлық кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эндемиялық аумақтарында эпидемиологиялық кезеңінде медициналық ұйымдар базасында (травм.пунктерде) кене шағудан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін серопрофилактика пункттері құрылғаны туралы хабарлайды.
Өскемен қаласы бойынша:
• ересек тұрғындар үшін –«№4 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК Серікбаев көшесі, 1/5.
• балалар үшін - «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК Қазбек би даңғылы, 11.
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев кене энцефалитінің алдын-алу тек адамның өзіне, оның табиғаттағы өз ұстанымына байланысты екенін тағы бір рет естеріңізге салады.
Кене шағуына жол бермеу арқылы сіз ауруға жол бермейсіз!
 
 
 
 
Дата публикации
28 мая 2024
Дата обновления
28 мая 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы