Меню

Страницы

Статья

Сібір жарасы және оның алдын алу

Сібір жарасы - бұл жануарлар мен адамдардың аса қауіпті жұқпалы ауруы.Соңғы 20 жылда облыс аумағында осы аурудың тек 4 жағдайы тіркелген (2004 жылы Шемонаиха ауданында 2 жағдай, 2008 жылы Ұлан ауданында 1 жағдай, 2018 жылы Катонқарағай ауданында 1 жағдай), жануарларға да, адамдарға да жұқтыру қаупі әрқашан сақталады.
Инфекцияның берілу жолдары:
Байланысты - ауру жануарларға күтім жасау кезінде зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы:
Трансмиссивті-жәндіктердің шағуы (соқыр, шыбын, масалар) арқылы.
Алиентарлы - ауру малдардан алынған ет тағамдарын дайындау және тұтыну жолы арқылы.
Аэрогенді (ауа — шаң) - спорды ингаляциялау жолымен
Сібір жарасы инфекциясынан қалай сақтануға болады:
1. Ауыл шаруашылығы жануарларына күтім жасау барысында резіңке етіктер, қолғаптар, арнайы халаттар киіп, алжапқыштар, бас орамалдар тағу қажет, оларды басқа киімдерден бөлек жуып, залалсыздандырады, күтім жұмыстары аяқталғаннан кейін қолды мұқият жуу керек.
2. Алдын ала ветеринариялық куәландырусыз ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және жануарлардан алынатын шикізатты өткізуге жол бермеу. Өлген жануарлардың мәйіттерін өз бетінше кәдеге жаратуға болмайды;
3. Ветеринариялық мамандарға жануарлардың мәжбүрлі союының немесе аурушаңдық белгілері бар жануарлар туралы хабарлау;
4. Сібір жарасына қарсы вакцинацияланған жануарларды вакцинациядан кейін 14 күн өткен соң ғана сою керек.
5. Арнайы ветеринариялық бақылаудан өтпеген, сатуға тиісті рұқсатнама қағазы жоқ кездейсоқ адамдардан ет өнімдерін сатып алмау,
6. Егер сіз ауруға шалдыққан жануарлармен, өніммен байланыста болғаннан кейін 7-14 күн ішінде аурушаңдықтың белгілері пайда болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет
Дата публикации
10 мая 2024
Дата обновления
10 мая 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы