· Қауіпті факторлар
- Су деңгейінің тез көтерілуі және маңындағы елді мекендерге жайылуы, қатты жауған жауын (қардың), қардың жылдам еруінен, сонымен қатар плотиналардың жарып өту салдары тұрғындар үшін үлкен қауіп тудырады.
-Су тасқынының салдары орталықтанған және орталықтандырылмаған су көздері ауыз суының ластануы, халық арасында сумен таралатын инфекциялардың туындауы болып табылады. Тұрғындардың әрекеті
Су басу алдында (үйлерді су басу қаупі): - Ауланы уақытында қардан тазалау керек, жиналған қоқыстан аумақты тазалауды ескертеміз, - Ауладағы қоқыстарды қора- қопсы және қоғамдық әжетханаларды сыпырып тазалауға, сонымен қатар дезинфекциялық заттармен зарарсыздандыру қажет;
- Шаруашылық құрылыстарды, жертөлелерді сумен басудан сақтау керек, судың ағып кету жолдарын қазып, арықтардың қоқыспен ластануынан тазалау керек;
- Құдықтарды қақпақтармен жабдықтау, шегендерді түзетілген қалыпта ұстау керек;
- Аумақ пен құрылыстардың жатын аумағын таза ұстауды міндетті түрде қамтамасыз ету керек;
Су басу басталуы туралы жарияланған кезде: - Құдықтар мен су құбырлары жұмыс істемеген жағдайда, ауыз судың қорын дайындап алу керек;
- Қолдың жеке гигиенасын сақтап, қайнатылған, не болмаса бөтелкедегі суды пайдалану керек.
Су басқаннан кейін:
Төтенше жағдайлар болған кезде қарапайым гигиеналық ережелерді сақтап және де берілген кеңестерді ұстансаңыз, Сіз өзіңізді көптеген аурулардан қорғай аласыз.