Көктемнің келуімен су тасқыны маусымы жақындап ауыз сумен жабдықтау көздеріндегі судың микробтық ластану қауіпі арта түседі. Далада, өрістерде қар еріп ал өзендер мен көлдерде мұздар еріп, жауын – шашын мөлшері арта түседі - мұның бәрі судың топырақ арқылы инфильтрациясының күшейуіне байланысты ауыз су сапасының нашарлауына әкеп соғады.
Ауыз судың сапасына қойылатын талаптарды реттейтін санитариялық ережелерінің талаптарына сәйкес ауыз су эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы керек.
Көктемгі су тасқыны халық денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Қардың жаппай еруі салдарынан елді мекендерді су басуы қаупі төнуіне байланысты ауыз сумен жабдықтау көздеріне еріген сумен химиялық, органикалық және биологиялық лас заттар түсіп ауыз судың сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға жауапты ұйымдар қардың жаппай еруі кезеңінде ауыз судың микробтық ластану қаупін төмендету бойынша өздерінің алдын ала іс-шараларын жүргізеді.
Халық суды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінен басқа, орталықтандырылмаған көздерден яғни ұңғымалардан, шахталық және құбырлық құдықтардан, бұлақтар каптаждарынан пайдаланады.
Өкінішке орай, бұлақтар мен құдықтар да эпидемиологиялық тұрғыдан сенімсіз, өйткені мұндай көздердің қоректенуі негізінен жер бетіне жақын орналасқан қорғалмаған сулы қат-қабаттардан келеді және олардағы судың сапасы көбінесе жыл мезгіліне, көздің жабдықтарына және іргелес аумақтың санитарлық жағдайына байланысты.
Су тасқыны кезеңінде құдық суының ластануы көбінесе құдықтың айналасындағы қоршау тұтастығының бұзылуынан ластанған судың құдыққа ағып кетуінен сондай-ақ құдықты су басқан кезде орын алады.
Бұлақ көздерінің суы химиялық және микробиологиялық ластанудан қорғалмаған. Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі патогендік бактериялардың, вирустардың және қарапайым микроорганизмдердің болмауымен анықталады.
Су тасқыны кезеңінде және қар еріген кезде су түрлі қосындылармен оның ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен ластануы мүмкін. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық этиологияның жіті ішек инфекциясы, А вирустық гепатиті сияқты жұқпалы ауруларға қатысты.
Бұл аурулардың алдын алу үшін, су тасқыны алдында аула аумағын қоқыстан тазарту, қазылған шұңқырларды тазарту, шөп, қи, отын, құрылыс материалдарын сақтау орындарын ретке келтіру, үйден және шаруашылық құрылыстардан алыс жерде сақтау қажет.
Халық арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін, су басқан аумақтағы құдықтардан ауыз су мақсатына арналған суды, шикі түрінде пайдаланбай, оны зарарсыздандыру қажет.
Сумен жабдықтау көзін (ұңғымалар, құдықтар, бұлақтардың каптаждары) және оған іргелес аумақты су тасқыны (еріген сулар) басқан кезде және құдыққа дезинфекция жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, ауыз су мақсатында шөлмектегі суды пайдалану керек.
Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзінің жабдықтарын тазартуды сумен жабдықтау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін және (немесе) халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер жылына бір реттен сиретпей жүргізеді.
Әрбір тазалаудан немесе жөндеуден кейін су жинау құрылыстарына дезинфекция жүргізіледі, одан кейін жуылады және ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі бақыланады.
Тарату желісі жоқ ұңғымаларды, құдықтарды (шахталық, құбырлы), бұлақтардың каптаждарын дезинфекциялау: профилактикалық мақсатта (жаңа объектілерді салу аяқталғаннан кейін немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді тазартып, жөндегеннен кейін) және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (елді мекенде ішек инфекцияларының өршуі, құдықтар суына сарқынды және тасқын судың, нәжістің, жануарлар өлекселерінің және осыған ұқсас ластанулардың түсуі кезінде) жүзеге асырылады.
Өз денсаулығыңызға тек су тасқыны кезеңінде ғана емес, алдын ала су тасқыны басталғанға дейін қамқорлық жасау керек, атап айтқанда:
- құдықтарды қақпақтармен жабдықтау;
- ауыз суды сақтауға арналған ыдыстарды дайындап қою;
- бұлақ пен құдықтардан алынған ауыз суды қолданар алдында, әсіресе су тасқыны кезеңінде, оны зарарсыздандыру керек, мысалы, қайнату, жоғары дәрежелі тұрмыстық сүзгілерді қолдану қажет;
- ішу үшін қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
- зертханалық зерттеулердің тиісті нәтижелерін алғанға дейін, тасқын сулармен ластанған су құбыры мен құдық суын ауыз су мақсатында пайдаланбау керек;
- жеке гигиенаны сақтау.
Алдын алу шараларын орындау арқылы, сіз өз денсаулығыңызды сақтай аласыз!