Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысында тұмау мен ЖРВЖ бойынша 2023-2024жж. эпидемиологиялық жағдай

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидмаусымның басталуына орай ЖРВЖ-мен және Тұмаумен сырқаттану жағдайына күн сайын мониторинг жүргізуде. Ағымдағы 2023-2024 жылдың  эпидмаусымының 6-шы аптасында облыс көлемінде ЖРВЖ 10142 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 1387,11 құрады. Өткен 5-ші аптамен салыстырғанда (9832)  310 жағдайға жоғары.

 

Ауруға шалдыққандардың:  

 

Контингент

 6-шы апта

5-ші аптада

   Өсу қарқыны

14 жасқа дейін.

5908/58,25%

5409

409 жағдайға жоғ.

Жүкті әйелдер

24

14

10 жағдайға жоғ.

Жасқа дейінгі

балалар арасын.

226

244

18 жағдайға

       төмен

 

 

ҚР-ы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2023 жылдың

11 қыркүйегіндегі  № 6-шы «2023-2024 жылдардағы эпидемиялық маусымда Тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға  қарсы  іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысы негізінде, ағымдағы жылы ЖРВЖ және Тұмау бойынша эпидемиялық маусым 2023 жылдың 28 қыркүйегінен, яғни 40-шы аптасынан басталды.

 

Эпидсезон басталғаннан сырқаттанғандар:

Эпидсезон

Науқастар

 100 мың адамға

     Өсуі, науқас

2023-2024 жж

      131 738

18106,3

   73381 / 2,2 есе

2022-2023 жж

      58 354

7987,1

 

 

Балалар арасында ЖРВЖ-ның 75845 жағдайы тркелді, бұл өткен эпидсезонмен салыстырғанда 45496 жағдайға немесе 2,4 есеге жоғары.  

 

  • Эпидмаусымда тұмаудың 121 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, олардың:
  • 106-ы тұмау вирусының А/H3N2түрі;
  • 12-і тұмау вирусының В түрі
  • 3 жағдайда А/H1N1 түрі.

Былтырғы эпидмаусымдағыдан 2 жағдайға аз тіркелді (123).

 

  • Басқа респираторлы вирустардың 1376 сынамасына жасалған тестілеулердің 192-сінде ЖРВЖ-дың әртүрлі қоздырғыштары анықтады, олардың ішінде:

Риновирус     – 114 (59,38%),

РС-вирус       – 38 (19,79%),

Аденовирус  – 21 (10,94%),

Парагрипп    – 13 (6,77%),

Боковирус    – 4  (2,08%),

Метапневмовирус   – 1 (0,52%),

Коронавирус           – 1 (0,52%).

Науқастанғандардың ауруханаға жатқызылу көрсеткіші – 0,8%, бұл барлығы 1146 науқас, оның:

169-ы -  жүкті әйелдер,   147-сі - 1 жасқа дейінгі балалар.

     2024 жылдың басынан коронавирус инфекциясы 10 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 1, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда аурушандық 8 есеге төмендеді. Вирус анықталмаған,  Коронавирус инфекциясымен (немесе пневмониямен) сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ, ал өткен жылы 7 жағдай орын алған.

Профилактикалық ұсыныстар:

 

ЖРВИ, Тұмау, Коронавирус инфекцияларынан қорғанудың тиімді тәсілінің бірден бірі, ол – вакцинация.

Вакцинация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған эпидемиялық маусымда күтіліп отырған тұмау вирустарының штамдары бар тұмауға қарсы тиімді вакциналармен жүзеге асырылады. Бұл ауру жұқтырып алу қаупін төмендетеді, ауырып қалған жағдайда оның жеңіл өтуіне және асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға өз септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қарапайым гигиеналық ережелерді орындау қажеттігін, қолды сабындап жууды, вирустық инфекциялардың эпидмауысымы кезінде антисептик қолдану қажеттігін.

    - Адам көп жиналатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу керектігін, қоғамдық көлікке мінгенде, халық көп болатын орындарда маска киюге кеңес береді. Бұл сақтық шаралары ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялық аурулардан қорғайды.

- ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз (жөтел, түшкіру). Егер бұл сөзсіз болса, әр 2-3 сағат сайын ауыстыруды қажет ететін бір реттік медициналық маскаларды қолданыңыз.

- Сіз тұрған үй-жайларды күн сайын ылғалды тазалап, желдетіп отырыңыз. Ауаны ылғалдандырыңыз. Ылғалды ауа-суық тию мен тұмауға қарсы күресте күшті құрал.

- Гипотермиядан аулақ болыңыз және ауа-райына сәйкес киініңіз. - Үйден шыққан кезде мұрын жолдарын алдын-ала тазалап, қорғаныс тосқауылын жасайтын оксолин жақпа майымен майлаңыз.

- Иммунитетті көтеру үшін дәрумендерге бай тағамдарды күнделікті рационға қосу-Қарақат, қырыққабат, цитрус жемістері, қызанақ, көк және құрамында фитонцид бар көкөністер

– пияз, сарымсақ. -Қолыңызды сабынмен немесе антисептикалық гельмен мұқият және жиі жуыңыз.

-Салауатты өмір салтын ұстану, соның ішінде дұрыс тамақтану.

 

Маска режимі бойынша:

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында 8 ақпаннан бастап маска режимі енгізілді.

Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкенттің денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың персоналы мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұл әуежайлар, теміржол вокзалдары, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер сияқты қоғамдық орындарға қатысты. Сондай-ақ, маскаларды қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолдану ұсынылады.

 

Құрметті Жерлестер! Естеріңізде болсын! Ауруды емдеуден бұрын оның алдын-алу оңай! Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда. Өздеріңізді жақындарыңызды және өзіңізді қоршаған адамдарды қорғаңыздар!

 

Дата публикации
20 февраля 2024
Дата обновления
20 февраля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы