2023 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бойынша зертханалық расталған 10779 жағдай тіркелген, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9007 жағдай, ересектер арасында – 1477 жағдай, жасөспірімдер арасында 295 жағдай, оның қарқынды көрсеткіш деңгейі 55,1 құрайды, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қызылша аурушаңдығы тіркелмеген.
2023 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша ШҚО бойынша зертханалық расталған 48 жағдай тіркелген, оның қарқынды көрсеткіш деңгейі 6,6% құрайды, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қызылша аурушаңдығы тіркелмеген.
Науқастардың негізгі үлесі 85,4% - 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (41 жағдай.), ауруашаңдықтың үлесі 12,5% - ы ересектерде (6 жағдай.) және 2,1% - ы жасөспірімдерде (1 жағдай.).
Аурушаңдық жағдайлары келесі аумақтарда тіркелген:
|
№ р/н |
Аудандар |
Аурушаңдық |
|||
|
барлығы |
балалар |
ересектер |
Жасөспірімдер |
||
|
1 |
Глубокое |
2 |
2 |
|
|
|
2 |
Зайсан |
1 |
|
1 |
|
|
3 |
Алтай |
|
|
|
|
|
4 |
Катон-Қарағай |
|
|
|
|
|
5 |
Күршім |
|
|
|
|
|
6 |
Самар |
8 |
8 |
|
|
|
7 |
Риддер қаласы |
|
|
|
|
|
8 |
Тарбағатай |
|
|
|
|
|
9 |
Ұлан |
2 |
2 |
|
|
|
10 |
Өскемен қаласы |
35 |
29 |
5 |
1 |
|
11 |
Шемонайха |
|
|
|
|
|
|
Всего |
48 |
41 |
6 |
1 |
ШҚО-да қызылша ауруы негізінен екпе алмағандардың арасында және екпе алуы туралы деректері жоқ адамдар арасында тіркеледі, 48 науқастың 46-сы осы санатқа жатады. (40 науқас қызылшаға қарсы екпе алмаған, 6 науқаста екпе алуы туралы деректері жоқ, оның 11 жағдайы жоспарлы вакцинация жасына жетпегендер, 10 жағдайы - медициналық қарсы көрсетілімдер, 15 жағдайы- екпеден бас тартқандар, 4 жағдайында екпе алу мүмкіндігін өткізіп алғандар) немесе осы науқастардың 96%-ы екпе алмағандар. Тек 2 науқастың (4%) -да қызылшаға қарсы екпесі бар:
Жүргізілген эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 27,1% немесе 13 қызылша науқасы Алматы, Атырау, Стамбул (Түркия) қалаларында және Тәжікстан елдерінде ауырып елге әкелгендер.
Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, медициналық бақылаумен 1006 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 330 бала қамтылды.
Байланыста болғандардың арасынан эпидемиологиялық негізінде 67 адамға қызылшаға қарсы екпе егілді (100%) оның ішінде 14 жасқа дейінгі 31 бала.
Қызылша-адамдарға ауа тамшылары арқылы және тік (анадан ұрыққа) таралатын жедел жұқпалы вирустық ауру. Қызылша қоздырғышы-РНҚ вирусы. Жұқпа көзі-науқас адам, ол бөртпе пайда болғанға дейін орта есеппен 5-6 күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейін 4 күнге дейін адамдарға қауіпті. Орташа алғанда, жұқпалы кезеңнің жалпы ұзақтығы 8-10 күнді құрайды. Вирус науқастан сау адамға жөтелу, түшкіру, сөйлесу, жақын жеке байланыстар арқылы беріледі. Қызылша ауруы негізінен осы инфекцияға қарсы екпе алмаған балалар мен ересектер арасында тіркеледі.
Сыртқы ортада (ауада, заттарда) вирус өзінің белсенділігі мен жұқпалылығын 2 сағат бойы сақтай алады. Қызылша вирусы адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы қанға еңіп, қан ағымымен әртүрлі ағза мүшелеріне тарайды.
Қызылша диагнозы аурудың клиникалық,эпидемиологиялық көрсеткіштері мен зертханалық растау негізінде қойылады. Қызылша асқынуларымен қауіпті ( пневмония, менингит, менингоэнцефалит, полионеврит т.б).
"Қазақстан Республикасында қызылша жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы 2023 жылғы 14 наурыздағы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №1 қаулысы және қолданыстағы НҚА негізінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Қызылшаны тіркеу кезінде дәрігер-эпидемиологтар қызылша ауруының пайда болған жағдайларын аңықтайды, эпидемиологиялық анамнез жинайды, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін ұйымдастырады, оқшаулау үшін байланыста болған адамдарды анықтайды, олардың егу мәртебесі нақтыланады, байланыста болған егілмеген адамдарға байланыс сәтінен бастап 72 сағат ішінде қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстары, санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Аурушаңдықтың жалғыз және сенімді қорғанысы -қызылшаға қарсы екпе егу. Вакцинация антиденелерді өндіру арқылы иммунитетті қалыптастырады, бұл антиденелер ағзаны одан әрі вакцинацияланған аурудан қорғайды. Егілмеген адамдарға қызылшамен ауырған және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда байланыста болғаннан кейін 72 сағат ішінде екпе салынады.
Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздердің жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, оларға дереу түрде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып індетке қарсы екпе алу қажет. Есте сақтаңыздар! Аталған індеттің алдын алу ең тиімді жолы қызылшаға қарсы екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты ем жоқ екені бәріне белгілі.