Күз мезгілі басталысымен қыркүйектен бастап республика көлемінде тұмауға қарсы вакцинация маусымы басталады. Бұл жедел респираторлық аурулар кезеңінде халықтың тұмауға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру үшін жасалады.
Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы 2023 жылы жергілікті бюджет қаражатынан Рессейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 75 000 дозасы сатып алынды. БМСК деңгейінде тұмауға қарсы иммундау жүргізу үшін 179 егу кабинеттері ұйымдастырылған.
Эпидемиялық маусым басталғалы тұмау жағдайы тіркелген жоқ, бірақ ЖРВИ-дің 19832 жағдайы тіркелді. ШҚО СЭБД мамандарының айтуынша, ЖРВИ-мен ауыру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда жоғарылаған. ЖРВИ-мен ауырғандардың жартысы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Вакцинация ақылы негізде және қауіпті топ контингенттеріне жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Облыстың барлық медициналық мекемелерінде 25 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін әзірге 34296 адам, жалпы облыс тұрғындарының 4,8% және қауіпті топтың 44% екпе алды. Жергілікті бюджет есебінен 33289 адам, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 953 адам, ақылы түрде – 54 адам егілді.
Медицина қызметкерлері тұмаудың белгілері пайда болған кезде бірден үйге дәрігер шақырту туралы кеңес береді. Үй жағдайында өздігімен ем қабылдау қауіпті. Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмония, отит, гайморит, менингит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.
Респираторлық инфекциялардың жаппай таралуы кезінде көпшілік жиналатын жерлерге бармауға, көбірек жаяу жүрген абзал. Әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып, қолды жиі жуып, антисептиктерді қолдану қажет. Күнделікті тамақтану рационына «С» дәруменіне бай көкөністер мен жемістерді қосу қажет.
Тұмаудың және оның асқынуының алдын алудың сенімді әдісі – вакцинация. Тұмауға қарсы вакциналар қауіпсіз және тұмаудың асқынуын алдын алу жолында жоғары тиімділікке ие болып табылады.