Меню

Страницы

Статья

Тамақтану уланудың 10 жағдайы тіркелгені туралы

"Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ мекенжайына 10.10.2023 ж. "Тамақ токсикоинфекциясы-?" диагнозымен 10 жағдайдың тіркелуі туралы шұғыл хабарламалар келіп түскен. Бұл жағдай "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының" Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі " 1 курс студенттері арасында тіркелген.

Шұғыл медициналық көмек бойынша науқастар 10.10.2023 ж. ШҚО  "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөлімшесіне келіп түскен, жұқпалы аурулардың клиникалық белгілері болмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған, амбулаториялық ем алуда.

Бүгінгі 11.10.2023 ж. 10 науқастың жағдайы тұрақты. шағымдары жоқ, ауру белгілері қайталанған жоқ. Басқа жағдайлар тіркелген жоқ.

11 қазаннан бастап колледж студенттері қашықтықтан оқуға жіберілді, зертханалық зерттеулерді алғанға дейін асхананы жалға алушының қызметі тоқтатылды.

Эпидемиологиялық тергеу барысында 11 адамнан тұратын байланыстар тобы анықталды, барлық жағдайлар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі" КММ асханасында тамақтанумен байланысты.

Студенттер медициналық бақылау алынды, колледж асханасын жалға алушыға жоспардан тыс тексеру ашылды.

Зертханалық тексеріске патогенді флора және УПМ анықтауға 18 өнім сынамасы алынды. (винегрет, қарақұмық, компот, сиыр етінен жасалған котлеттері, қызыл көже, күріш, палау, ботқа, жаншылған тауық еті, картоп езбесі, тартылған сиыр еті, тартылған тауық еті, шикі тұшпара, май, фунчоза салаты, туралған пияз, хот-дог, картоп қосылған бәліш), орталықтандырылған судан патогенді және микробиологиялық көрсеткіштерге флораға сынамалар алынған, 60 шайынды пат флораға, 60 шайынды БГКП-ге алынды. Нәтижелері жұмыс үстінде.

Эпидемиологиялық тергеу жалғасуда, нәтижелері қосымща хабарланады.

 

Дата публикации
11 октября 2023
Дата обновления
11 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы