Меню

Страницы

Статья

ЖРВИ және тұмау бойынша 2023-2024 жж. эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы"

Жалпы облыс бойынша 2022-2023жж. эпидмаусымында барлығы – 157 583 (100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш (21569,0), 2021-2022жж. эпидмаусымында 88 705 (12141,4) ЖРВЖ тіркелген. Аурушаңдық көрсеткіші өткен маусыммен салыстырғанда, 68 878 жағдайға немесе 1,7 есеге жоғарылаған.

Балалар арасында 91 874 ЖРВЖ тркелді, аурушаңдық көрсеткіші 59516,2 (өткен эпидмаусымда 42 721 жағдай (көрсеткіш 26753,9) 49 153 жағдайға немесе 2,2 есеге жоғары.

Жасөспірімдер арасында 7582, (23876,0) тіркелген, өткен эпидмаусымда 3795 (13452,1) болған, жасөспірімдер арасында 3787 жағдайға, 1,9 есеге аурушаңдық жоғарылады.

Тұмау 2022-2023жж. эпидмаусымда барлығы 137 тіркелген (2021-2022жж. - 171), өткен эпидмаусымымен салыстырғанда 34 жағдайға азайған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 60, (2021-2022жж. - 67), 2021-2022жж. салыстырғанда 7 жағдайға төмендеген. Жасөспірімдер арасында тұмау тіркелген жоқ, (2021-2022жж. - 5), 5 жағдайға төмен.

Тұмауға және басқа да тұмауға жатпайтын вирустарға зертханалық зерттеулер (полимераздық тізбектік реакция (ПТР) әдістері арқылы науқастардан алынған сынамаларға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 4 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Барлығы ЖРВИ және гриппке зертханалық ПТР әдісімен 3704 науқастан сынама үлгілері тексеруге алынды. Оның 137-сі (3,7%) оң нәтиже көрсетті. 137 оң нәтиженің 51-і А (H1N1 )типтегі (37,23%) грипп вирусы, В типтегі (62,77%) грипп вирусы.

Тұмауға, SARS-CoV-2 және басқа да тұмауға жатпайтын вирустарға алынған биоматериал сынамаларына үлгілер келіп түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей зерттеу нәтижесін бере отырып зерттеу жүргізу қамтамасыз етіледі.

Биылғы күз-қыс эпидмаусымында А/Н1N1/pdm09, А/H3N2 және В вирус типтерінің айналымы болатыны ДДҰ-мен болжам жасалған.

Шығыс Қазақстан облысына барлығы 75 мың доза гриппке қарсы вакцина жергілікті бюджет есебінен (73 964,25 мың тг) алынды. Бүгінгі күні 75 мың доза вакциналарға разнарядка дайындалып, облыс аудандарына таратылды.

Тәуекел топтар облыс бойынша барлығы – 75 000, жүкті әйелдер – 2312, медицина қызметкерлері – 7498, диспансерлік есепте тұрған балалар – 6220, мүгедек балаларға арналған интернат балалары – 400, мектеп интернат оқушылары – 765, балалар үйінің балалары – 384, қарттар үйі – 1547, созылмалы аурумен ересектер – 36025, 60 жастан жоғары ересектер – 2934, эпид көрсеткіштер бойынша - 16915.

Эпидемияға қарсы және алдын-алу іс-шаралары:

·        2023ж. 11 қыркүйекте ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 6 «Тұмау және ЖРВИ жөніндегі 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысы шығарылды;

  • Жаңа эпидмаусымға дайындық бойынша «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2024жж. эпидемиялық маусымында тұмау және жіті

респираторлық вирустық жұқпалардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары дайындалып, облыс Әкімінің орынбасарымен бекітілді.

·        Санитарлық-эпидемияға қарсы алдын-алу шараларын ұйымдастыру туралы облыстық № 174/370/467/29/125 «Тұмау және жіті респираторлық вирусты  жұқпалардың 2023-2024жж. эпидемиялық кезеңінде санитарлық-эпидемияға қарсы алдын–алу шараларын  Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұйымдастыру» туралы бірлескен бұйрық шығарылды.

ШҚО аудандарының СЭБ басқармасы және денсаулық сақтау мемемелерінің мамандарының қатысуымен 27.09.2023ж. күнгі № 178 бірлескен бұйрық негізінде облыстық семинар жүргізу 02.10.2023ж. күніне жоспарланды.

ЖРВЖ эпидмаусымына дайындық бойынша облыста 2 семинар өткізілді.

Ақылы және жұмыс беруші есебінен екпемен қамту туралы ведомстволарға 86 қызметтік хаттар жазылды. Облыс бойынша 12 медициналық кеңес, 31 семинаров медицина қызметкерлерімен өткізілді. Әкімдіке ақпарат – 27, радиоға сұхбаттар – 17. Орта білім беру және мектепке дейінге мекемелерде 90 жиындар өтті.

·        Пресс-конференциялар 1 өткізілді;

·        ЖРВЖ алдын-алу бойынша аудандық газеттерге 3 мақала жарияланды.

·        Жүкті әйелдер мен жас аналарға 405 лекциялар оқытылды.

·        Облыстың білім беру мекемелерінде 206 диктанттар жазылды, барлығы 4023 балалар мен жасөспірімдер қамтылды.

·        Санитарлық бюллетендер 1823 шығарылды.

 

Профилактикалық ұсыныстар: Тұмау инфекцияларынан қорғанудың тиімді тәсілі – вакцинация. Вакцинация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған алдағы эпидемиялық маусымда күтіліп отырған тұмау вирустарының штамдары бар тұмауға қарсы тиімді вакциналармен жүзеге асырылады. Бұл ауру жұқтырып алу қаупін төмендетеді, ауырып қалған жағдайда оның жеңіл өтуіне және асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға өз септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қарапайым гигиеналық ережелерді орындау қажеттігін, қолды сабындап жууды, вирустық инфекциялардың эпидмауысымы кезінде антисептик қолдану қажеттігін.

    - Адам көп жиналатын орындарға баруды мүмкіндігінше шектеу керектігін, қоғамдық көлікке мінгенде, халық көп болатын орындарда маска киюге кеңес береді. Бұл сақтық шаралары ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялық аурулардан қорғайды.

- ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз (жөтел, түшкіру). Егер бұл сөзсіз болса, әр 2-3 сағат сайын ауыстыруды қажет ететін бір реттік медициналық маскаларды қолданыңыз.

- Сіз тұрған үй-жайларды күн сайын ылғалды тазалап, желдетіп отырыңыз. Ауаны ылғалдандырыңыз. Ылғалды ауа-суық тию мен тұмауға қарсы күресте күшті құрал.

- Гипотермиядан аулақ болыңыз және ауа-райына сәйкес киініңіз. - Үйден шыққан кезде мұрын жолдарын алдын-ала тазалап, қорғаныс тосқауылын жасайтын оксолин жақпа майымен майлаңыз.

- Иммунитетті көтеру үшін дәрумендерге бай тағамдарды күнделікті рационға қосу-Қарақат, қырыққабат, цитрус жемістері, қызанақ, көк және құрамында фитонцид бар көкөністер

– пияз, сарымсақ. -Қолыңызды сабынмен немесе антисептикалық гельмен мұқият және жиі жуыңыз, оның құрамында кемінде 60% алкоголь бар. Лас қолдарыңызбен бетіңізді ұстамаңыз.

-Салауатты өмір салтын ұстану, соның ішінде дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану.

Аурушаңдықты емдеуден гөрі оның алдын алу тиімді! 

Дата публикации
29 сентября 2023
Дата обновления
29 сентября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы