Меню

Страницы

Статья

Құтырма – қауіпті ауру

Жыл сайын 28 қыркүйекте (2007 жылдан бастап) дүниежүзілік қоғамдастық «Дүниежүзілік құтырумен күрес күнін» атап өтеді, оның басты міндеті - осы аурудың таралу мәселесіне, сондай-ақ оның салдарына назар аудару болып табылады.
Біздің Республикамызда 2019 жылы – жағдай.), Алматы қаласында (2020 жылы-1 сжағдай.), Қызылорда облысында (2021 ж. - 1 жағдай.).
Гидрофобиямен ауыратын 3 жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар, 1 жағдайда жасөспірім, 2 жағдайда ересектер болды.
Оларды байланыстыратын бір ғана нәрсе ол жануарлар тістегеннен кейін ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ... Сонымен қатар, тістеген сәттен бастап клиникалық көріністерге дейінгі кезең және әртүрлі жағдайларда науқастардың өлімі 1 айдан 1 жылға дейін болды...
Гидрофобиямен ауыратын алты адамның біреуін түлкі, біреуін мысық, төртеуін ит тістеген.
Сонымен, бұл не ауру?
Құтырма (гидрофобия) – ауру жануардың сілекейімен немесе ми тінімен тікелей байланыста болған кезде адамға берілетін вирустық ауру. Арнайы (құтырмаға қарсы) медициналық көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылданбаса, ауру әрқашан өліммен аяқталады.
 Есте сақтауға қажет:
- Адамдарға құтырма ауруы үй мен жабайы жануарлардың, әсіресе ет қоректі жануарлардың инфекцияланған сілекейі жағылғанда немесе тістеп, тырнағанда (иттер, мысықтар, түлкілер, қасқырлар және т.б) жұғады. Құтырманың қоздырғыштары аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан 10 күн бұрын ауру жануардың сілекейінде болады.
- Құтырманың белгілері әр жануарда әр түрлі болады , бірақ ең басты назар аударатын нәрсе, ол – жануардың қимыл-қозғалысы. Иттер жеуге келмейтін заттарды – тастарды, шыныны, ағашты және т.б. жей бастайды Жануарлардың астыңғы жақтары салбырап, көп мөлшерде сілекей бөлінеді, ашушаң болады, адамдар мен басқа жануарларға тап беріп, қатты тістейді. Есте сақтаңыздар, кез-келген жыртқыш аң ешқашан адамға бірінші шабуыл жасамайды!
- Үй жануарларында құтырма ауруының белгілерін байқасаңыз, дереу мал дәрігеріне хабарласыңыз. Мал иелеріне өз бетімен көмек көрсетуге тыйым салынады, себебі бұл қауіпті.
- Егер адам мен жануар құтырмамен ауырғанда уақтылы екпе жасалмаса 100% өлімге әкеліп соғады. Жануарлар тістеген жағдайда бірден дәрігерге қаралып, құтырмаға қарсы екпе жасау мәселесін шешу керек. Тек уақытында жасалған егулер ғана аурудың асқынуынан сақтай алады.
- Емдеу-профилактикалық егулердің толық курсы 5 немесе 6 иньекциядан тұрады (екпе өндірушілеріне байланысты): бірінші екпе – жүгінген күні, содан кейін екпе егу нұсқаулығына сәйкес сызба бойынша.
- Егер 10 күннен кейін жануар сау болса (мал дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда) егуді тоқтатуға болады.
- Антирабикалық көмек тегін көрсетіледі. 

Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Ақпарат
01 октября 2026
Сүт өнімдерін сатып алу кезіндегі негізгі талаптар
Ақпарат
01 октября 2026
Азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін бекітуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Социальные медиа

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ НЫСАНДАРДЫҢ ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы