Шығыс Қазақстан облысындағы атмосфералық ауа сапасына жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторингісі

2026 жылдың 1-тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары атмосфералық ауаның санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша 33710 сынама зерттеді (2025 жылдың 1-тоқсанында – 23950). Оның ішінде 968 сынамада (2,8%) ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу анықталды.

Соның ішінде селитебтік аумақта 29086 сынама зерттеліп, оның 968 сынамасында (3,3%) шекті рұқсат етілген концентрациядан асу тіркелді.

Ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу негізінен облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алған күндері анықталды.

 

Дата публикации
17 апреля 2026