Шығыс Қазақстан облысындағы ауыз су сапасыны санитариялық-эпидемиологиялық мониторингісі

2026 жылдың 1-тоқсаны ішінде ауыз суының микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 467 сынама зерттелді (2025 жылдың 1-тоқсанында – 114 сынама). Оның ішінде 9 сынама немесе 1,9%-ы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді (2025 жылдың 1-тоқсанында – 2 немесе 1,7%).

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік Күршім, Шемонаиха және Марқакөл аудандарының аумақтарында анықталды.

Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 543 су сынамасы алынды (2025 жылдың 1-тоқсанында – 156 сынама), оның ішінде 10 сынама немесе 1,8%-ы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді (2025 жылдың 1-тоқсанында – 5 немесе 3,2%).

Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік Шемонаиха ауданының аумағында анықталды.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.с

Дата публикации
17 апреля 2026