2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған құжат балалардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Бұл түзетулердің қажеттілігі бұрыннан туындаған болатын, себебі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласында тиімді әрі қазіргі заман талаптарына сай әрекет ету тетігін қажет ететін бірқатар жүйелі мәселелер жинақталған. Тәжірибе көрсеткендей, қолданыстағы бақылау түрлері, әсіресе балалар болатын ұйымдарда, бұзушылықтарды уақтылы анықтауға әрдайым мүмкіндік бермеді.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданыстағы тетіктердің орнына «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске бақылау мен қадағалау жүргізудің ерекше тәртібі енгізіліп,келесідей түрде жүзеге асырылады:
Жоспарлы тексерулер келесі объектілерде жүргізіледі:
(балабақшалар, балалар үйлері, интернат ұйымдары, балалар ұйымдасқан ұжымдарының қоғамдық тамақтану объектілері, балаларды сауықтыру ұйымдары);
(жалпы білім беретін мектептер, жатақханалар, жоғары және орта білім беру ұйымдары, балалардың бос уақытын өткізуге, дене тәрбиесіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған объектілер, қосымша білім беру ұйымдары).
Жоспарлы тексеру нысанына енгізілген өзгерістер:
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтіледі. Олар бұзушылықтардың себептерін жою туралы жеке ұсыныстарды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жолдау; мемлекеттік меншік объектілеріне қатысты жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға міндетті ұсыныстар енгізу; балалар мекемелеріндегі бұзушылықтардың жүйелі себептерін жоюды талап ету.
Жоспардан тыс тексерудің негіздері - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау, сонымен қатар, жоспардан тыс тексерудің жаңа негізі – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, дәлелді фото және бейнематериалдармен расталған бұзушылық фактілері.
Объектілерге бару арқылы жүргізілетін мониторинг – балалар болатын объектілерде бұзушылықтарды проактивті анықтауға бағытталған бақылаудың жаңа нысаны.
Мониторинг жүргізуге негіз ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына, сауықтыру объектілерінің жазғы маусымға дайындығын бағалау мақсатында тапсырмалары болады.
Жаңа форматтағы тексерулер балаларға арналған объектілердің жаңа оқу жылына және сауықтыру маусымдарына дайындығын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Жаңа нормалар тексерулерді жоспарлау кезінде объектілерді іріктеуге неғұрлым ашық әрі болжамды тәсілді қамтамасыз етеді.
Тәуекел дәрежесіне қарай сараланған жүйе бойынша жоспарлы тексерулерді енгізу, сондай-ақ объектілерге бару арқылы жүргізілетін мониторингтің жаңа тетігі бұзушылықтарды ерте кезеңде проактивті түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар алғашқы бару кезінде айыппұлдың болмауы серіктестік тәсілді қалыптастыруға және әкімшілік ауыртпалықсыз кемшіліктерді сапалы түзетуге жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта тиісті заңға тәуелді актілерді әзірлеу жұмысы аяқталуда, ал жаңа тетіктерді практикалық іске асыру басталған сәттен бастап бақылаудың неғұрлым тиімді жүйесі қалыптаса бастайды.