Решение

C-R-3

Блок «А» 226837  240721

(Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

(«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді

С-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

  1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы , C-R-3 (1 бірлік) А - Функционалдық блогы,

Функционалдық міндеттері: Бөлімді жалпы басқару, жоспарлау және бақылау. Кіріс хат-хабарлардың және электрондық құжат айналымының орындалуын бақылау. Тіл саясаты туралы заңнаманың орындалуын бақылау.Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты ұйымдастыру. Іс қағаздарын жүргізуді, құжаттарды тіркеу және сақтау тәртібін бақылау. Қабылдауды ұйымдастыру, басшылықтың азаматтарды қабылдау.Құқықтық мәселелер бойынша қызметті үйлестіру. Құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Әкімшілік тәжірибені жүргізуді бақылау. Әкімшілік тәжірибені жүргізуді бақылау. Жетекшілік ететін бөлім бойынша ақпарат, анықтамалар, есептер дайындауды қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау

Білімі:  Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе бизнес және басқару); ақпараттық- коммуникациялық   технологиялар         (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар); педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология және/немесе пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау және/немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау және/немесе гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау және/немесе тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау және/немесе әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлықғылымдар және/немесе тілдер және әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар және/немесе журналистика және ақпарат)

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  • 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне «Е-қызмет» жүйесінде дайындалған үкімет порталы арқылы электрондық түрде немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды тапсыра алады. Байланыс үшін Е-mail: zh.esimkhanova@dsm.gov.kz (бір файлдың өлшемі 30МБ аспауы тиіс). Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға құқылы.Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялықэпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялықэпидемиологиялық бақылау департаментінің» РММ өтеді. (Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.) Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады. Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Нурсултан Назарбаев даңғылы 17 үй, анықтама телефоны: 8 705 522 74 37, 76 51 25, факс: 765125, e-mail: zh.esimkhanova@dsm.gov.kz мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс. Шағым жасау туралы ақпарат: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14939 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі Төрағасының Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес, Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне , әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы. Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізіледі. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан __________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________________________________________

___________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және атаанасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апасіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым. Мемлекеттік органның интернетресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________ (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________ Мекен жайы: __________________________________________________ Байланыс телефоны: ___________________________________________ e-maіl:

_____________________________________________________ ЖСН:

_______________________________ _________

________________________________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20 __ ж. "___"_______________

решение
Дата публикации
15 июля 2025