Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау денсаулық сақтау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзушылықтарының алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.
2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңа реттеушілік саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Заңға сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларына қатысты өзгертулер енгізілді.
Үлкен өзгерістердің бірі– мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйені жетілдіру.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес профилактикалық бақылаулар, тексерулер және тергеулер түрінде жүргізіледі.
Тексерулерді жүргізу тәртібі Кәсіпкерлік кодекстің 137-бабымен және 13-тарауының 2-тармағында айқындалған. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау бірнеше бағытта жүзеге асырылады:
профилактикалық бақылау - бақылау объектісіне бармай немесе бару арқылы, сондай-ақ бақылау мақсатында сатып алу түрінде жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі профилактикалық сипатқа ие және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қызметкерлері бақылау және қадағалау субъектісі берген есептерді, уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді зерделеу және талдау, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан, басқа да құжаттар мен бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы мәліметтері негізінде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады. Субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды құжаттар ресімделеді (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайды, алайда бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіріледі.
Берілген ұсыныстарға жауап бермеу бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін негіз болып табылады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау, осы бақылаудың алдындағы жылы аталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бармай профилактикалық бақылау жасалған жағдайда жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің негізі мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен жартыжылдық тізімдері болып табылады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау – бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін бақылауды білдіреді және оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектілеріне әкімшілік іс жүргізуді қозғамай оларды жою туралы нұсқама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылады.
Бақылау мақсатында сатып алу деп бақылау және қадағалау органының тауар нысанындағы өнімді бақылау шеңберінде сатып алуды жүзеге асырылады. Бақылау мақсатында сатып алу сатып алынған өнімнің тізбесі және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен расталады. Қазақстан Республикасының заңдарында профилактикалық бақылаудың осындай түрін жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.
Бақылау мақсатында сатып алудың қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары сатып алынған өнімнің нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін зерттеуді тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды кейіннен қолдану мүмкіндігімен жүзеге асырады.
Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді: Сәйкестікті тексеру: бұл тексерулер кәсіпорын қызметінің белгіленген біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі, оның негізін реттеуші мемлекеттік орган бекіткен график құрайды. Бақылау және қадағалау органы бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына немесе оның уәкілетті тұлғасына, жеке тұлғаға) сәйкестікті тексерудің басталғаны туралы оның басталу күнін көрсете отырып кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акті және бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым беріледі, сонымен қатар бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген әкімшілік шаралар қолданылады.
Жоспардан тыс тексеру бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру болып табылады.
Жоспардан тыс тексерулер: әртүрлі негіздер бойынша тағайындалуы мүмкін, оның ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың өтiнiштерi, сондай-ақ алдыңғы тексерулер нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою.
Тексерулердің нәтижелері бойынша (рұқсат беру талаптары және жоспардан тыс тексерулер) бақылау және қадағалау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік шаралар қолданылады;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген.
Тексерулердің нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акті және бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым беріледі, сонымен қатар бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген әкімшілік шаралар қолданылады.
Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оны жүзеге асыру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері мен шарттарын анықтау, оларға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау жөніндегі қызметі, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауы негізінде жүргізіледі.
Тергеу нәтижелері бойынша бұзушылыққа жол берген бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады.
Басқарма және оның облыстағы құрылымдық бөлімшелері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, халықтың сауаттылығын арттыру, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау мәселелері бойынша тұрақты түрде тиісті жұмыстар жүргізеді.
Дата публикации
08 апреля 2025